Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ акционерлеріне 2021 жылға дивидендтер төлеу туралы мәселе акционерлердің алдағы өткізілетін жылдық жалпы жиналысында қаралатын болады

2022 жылғы 20 сәуірде «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі 2022 жылғы 26 мамырда Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы шешім қабылдады.

Хабарламамен мына сілтеме арқылы өтіп, танысуға болады: https://www.kegoc.kz/ru/press-center/press-releases/156211/

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне 2021 жылғы қаржылық есептемені және бір акцияға есептегенде дивидендтер мөлшерін бекіту мәселесі енгізілді.

Дивидендтік саясатқа сәйкес Компания дивидендтерді екі рет төлейді. Осылайша 2021 жылғы бірінші жарты жылдықта шамамен 22 млрд. теңге немесе бір акцияға 84,72 теңге төленді.

Компанияның акцияларын 2014 жылы алғаш рет орналастырған сәттен бастап компанияның бір акциясының құны 505 теңгеден 1681 теңгеге дейін, яғни 3 есеге өсті. Акционерлерге төленген дивидендтердің жалпы сомасы 174,7 млрд. теңгені құрады.

Компания бекітілген дивидендтік саясатты ұстанады және өз акционерлерінің құқықтары мен мүдделерінің мүлтіксіз іске асырылуын қамтамасыз етеді.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс