Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ басшылығындағы кадрлық өзгерістер туралы

«KEGOC» АҚ Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директоры А.Т.Ботабеков өз бастамасы бойынша лауазымынан босатылып, Компания Басқармасының құрамынан шығарылды.  

Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директор лауазымына Әкімбаева Айгүл Ермекбайқызы тағайындалды. Әкімбаева Айгүл Ермекбайқызы бұған дейін «Самұрық-Энерго» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі серіктес басқарушы директоры болып жұмыс істеді, «Мойнақ ГЭС» АҚ және «Forum Muider B.V.» компаниясы Директорлар кеңестерінің мүшесі болып табылады, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мен «Energy Solutions Center» ЖШС Бақылау кеңестерінің жұмысына қатысады.

«KEGOC» АҚ А.Т.Ботабековке компанияны дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіре отырып, зор денсаулық, кәсіби саладағы еңбегіне мол табыс тілейді.  

Компания бекітілген дивидендтік саясатты және өз акционерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау қағидаттарын ұстануды жалғастырады.

Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс