Баспасөз хабарламалары

KEGOC» АҚ-да жария тыңдау өткізілді

2022 жылғы 27 сәуірде жария тыңдауда бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау және табиғи монополиялар субъектілерінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы 2021 жылдың қорытындылары жөніндегі тұтынушылар және басқа да мүдделі тұлғалар алдындағы есеп ұсынылды.

Жария тыңдауда келесі ақпаратпен танысты: 
- «KEGOC» АҚ туралы жалпы ақпарат;
- «KEGOC» АҚ-ның 2021 жылғы инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы; 
- 2021 жылға арналған «KEGOC» АҚ реттеліп көрсетілетін қызметтеріне уәкілетті орган бекіткен тарифтік сметалардың баптар бойынша орындалуы туралы;
- реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау туралы;
- табиғи монополия субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы;
- KEGOC АҚ-ның 2021 жылғы қызметінің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы;
- 2021 жылға электр энергиясын жеткізу бойынша, электр энергиясын желіге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру бойынша және электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы;
- реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жүргізілген жұмыс туралы;
- «KEGOC» АҚ қызметінің перспективалары туралы (даму жоспарлары), соның ішінде тарифтердің өзгеру ықтималдығы туралы ақпаратты қамтыды.

2021 жыл қорытындылары бойынша тұтынушылардың және басқа да мүдделі тұлғалардың алдындағы есеп


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс