Баспасөз хабарламалары

KASE-ДЕГІ "KEGOC" АҚ АРНАЛҒАН ONLINE ЭМИТЕНТ КҮНІ

Құрметті инвесторлар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары мен БАҚ өкілдері!

«Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) 2022 жылғы 17 маусымда сағат 11:00-де «Эмитент күні» аясында «KEGOC» АҚ басшылығымен кездесу өткізеді.

Іс-шара инвесторлар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және БАҚ өкілдері үшін ұйымдастырылған.

Іс-шара форматы: аралас (офлайн және онлайн).

Кездесуде «KEGOC» АҚ өкілдері компания қызметінің қорытындысымен бөлісіп, операциялық/қаржылық көрсеткіштерді ұсынады және жоспарланған жобалары туралы хабардар етеді.

Спикерлер:
- Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директор Айгүл Әкімбаева;
- Жоспарлау және экономикалық талдау департаментінің директоры Гүлмира Ахмедова;
- Жүйелік қызметтер және даму жөніндегі басқарушы директор Бекжан Мұқатов;
- Стратегия және тұрақты даму жөніндегі басқарушы директор Эльвира Қонақбаева;
- Пайдалану және күрделі құрылыс жөніндегі басқарушы директор Ермаханбет Атақұлов.

Қатысу үшін онлайн-тіркеуден өту қажет.

Өткізілетін орны: Алматы қ., Байзақов көш., 280, «Almaty Towers» КФК солтүстік мұнарасы, 1-қабат, KASE баспасөз бөлмесі.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс