Баспасөз хабарламалары

Қазақстанның батысында тұтынушыларды электрмен жабдықтауға қатысты баспасөз хабарламасы

2022 жылғы 27 шілдеде сағат 18:08-де Атырау облысында қолайсыз ауа райы (жаңбыр, найзағай, дауыл) себебінен «Құрманғазы» мұнай айдау станциясын қоректендіретін 220 кВ екі әуе электр жеткізу желісі (ӘЖ) бір мезгілде ажыратылды. ӘЖ «Қазақстанның Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ балансында. Осы мекеменің персоналы электр жеткізу желілерінің құлаған тіректерін тапқан.
«KEGOC» АҚ компанияның авариялық қорынан 220 кВ тіректерді бөліп, оларды тиеу және жөнелтуді ұйымдастырып, «КТК-К» АҚ-ның қалпына келтіру жұмыстарына көмек көрсетуде. Сонымен қатар, арнайы техника және жабдықтармен қамтамасыз етілген жөндеу бригадалары іске қосылды.
Сағат 18:42-де, қолайсыз ауа райы (жаңбыр, найзағай, дауыл) жағдайларының созылуына байланысты қысқа тұйықталу себебінен 220 кВ «Karabatan Utility Solution» электр станциясының энергия жүйесімен байланыс желілері ажыратылды. Нәтижесінде электр станциясы генерацияны нөлге дейін төмендетті.
Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) 220 кВ жеткізу желілерінің ендірмелері осымен бір мезгілде ажыратылды. Бұл ретте, аталған желілер «KEGOC» АҚ тарапынан ажыратылған жоқ және кернеулі болды. Сағат 9:18-де АМӨЗ персоналы қоректендіруші трансформаторларды іске қосты, бұл АМӨЗ-ге технологиялық процестер мен жүктемені жинақтауды қалпына келтіруге кірісуге мүмкіндік берді. АМӨЗ-дегі ажыратулардың себебі тергеп-тексеру нәтижесінде анықталады.
«KEGOC» АҚ, Қазақстан БЭЖ-інің жүйелік операторы ретінде желі схемасын қалпына келтіру және өңірдің электр станцияларында бар резервтерді енгізу бойынша жедел шаралар қабылдады. Орал-Атырау транзитінің жоспарлы жөндеудегі 220 кВ ӘЖ-сі іске қосылды және сол арқылы авариялық істен шыққан қуаттарды ауыстыру қамтамасыз етілді, барлық тоқтан ажыратылған тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды қалпына келтіру үшін жағдайлар жасалды.
АМӨЗ жүктемені толық жинақтауы үшін режимдік жағдайлар жасалған, қазіргі уақытта зауыттың жүктемесі шамамен 35 МВт құрайды.
Батыс өңірінің қалған тұтынушылары бойынша шектеулер жоқ.
«KEGOC» АҚ Қазақстан БЭЖ-і Батыс энергия аймағының тұтынушыларын электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру мақсатында кернеуі 220 кВ шамамен 800 км электр жеткізу желілерін салып және жұмыс істеп тұрған қосалқы станцияларды кеңейте отырып, электр желілерін күшейту жобасын іске асыруды жеделдететінін хабарлайды. Қазіргі уақытта шамамен 60% тірек орнатылды.
«KEGOC» АҚ Қазақстанның энергия жүйесі жұмысының сенімділігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда.



Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс