Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ-да жария тыңдау өткізілді

2022 жылғы 28 шілдеге жария тыңдауда бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау және табиғи монополиялар субъектілерінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы 2022 жылғы 1-жарты жылдық қорытындылары жөніндегі тұтынушылар және басқа да мүдделі тұлғалар алдындағы есеп ұсынылды.      

Кездесуге қатысушылар келесі ақпаратпен танысты:

- «KEGOC» АҚ туралы жалпы ақпарат;

- «KEGOC» АҚ-ның 2022 жылғы 1-жарты жылдық инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы;

- 2022 жылғы 1-жарты жылдыққа арналған «KEGOC» АҚ реттеліп көрсетілетін қызметтеріне уәкілетті орган бекіткен тарифтік сметалардың баптар бойынша орындалуы туралы;

- реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау туралы;

- табиғи монополия субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы;

- KEGOC АҚ-ның 2022 жылғы 1-жарты жылдық қызметінің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы;

- 2022 жылғы 1-жарты жылдыққа электр энергиясын жеткізу бойынша, электр энергиясын желіге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру бойынша және электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы;

- реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жүргізілген жұмыс туралы;

- «KEGOC» АҚ қызметінің перспективалары туралы (даму жоспарлары), соның ішінде тарифтердің өзгеру ықтималдығы туралы ақпаратты қамтыды.

         2022 жыл 1-жарты жылдық қорытындылары бойынша тұтынушылардың және басқа да мүдделі тұлғалардың алдындағы есеп

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс