Баспасөз хабарламалары

Маңғыстау облысындағы электр энергиясының тапшылығы туралы баспасөз хабарламасы

2022 жылғы 15 тамызда сағат 05:56-де «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС (Маңғыстау облысы) жылу электр станциясында №1 энергия блогы авариялық жөндеу жүргізу үшін ажыратылды. Нәтижесінде Маңғыстау энергия торабында электр энергиясы мен қуат тапшылығы пайда болды.

Энергия блогын жөндеу кезінде Маңғыстау өңірлік электр желілік компаниясының (Маңғыстау ӨЭК) электр желілерінде «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС электр станциясының өнеркәсіптік тұтынушы кәсіпорындарына шектеулер енгізіледі. Халықты энергиямен жабдықтау басым түрде, толық көлемде қамтамасыз етілуі тиіс.

«KEGOC» АҚ электр желілері штаттық режимде жұмыс істеп тұр, авариялық ажыратулар жоқ.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс