Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ электр желілерінде (Солтүстік-Оңтүстік транзиті) 2022 жылғы 7 қыркүйекте орын алған авариялық бұзылыстар туралы баспасөз хабарламасы

2022 жылғы 07 қыркүйекте сағат 18:58-де Қазақстанның Біртұтас энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Оңтүстік аймағын энергиямен жабдықтау жүзеге асырылатын Солтүстік-Оңтүстік транзитінің құрамындағы 500 кВ Ж-5170 Екібастұз-Ағадыр әуе желісі (ӘЖ) қайтадан ажыратылды.

«KEGOC» АҚ-ның аварияға қарсы автоматикасы штаттық режимде жұмыс істеді, Қазақстан БЭЖ-інің және Орталық Азия біріккен энергия жүйесінің қатарлас жұмысы сақталды.

Аварияға қарсы автоматика жұмысының әсерінен болатын шектеулердің алдын ала көлемі 295 МВт.

Сағат 19:22-де ӘЖ-ге кернеу берілді, 19:24-те ӘЖ транзитке қосылды.Тұтынушыларды энергиямен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілді.

Ажыратудың себебі даладағы өрттен болған деп алдын-ала болжанып отыр.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс