Баспасөз хабарламалары

S&P KEGOC рейтингін жаңартты

S&P Global Ratings рейтинг агенттігі болжамды «тұрақтыдан» «негативтіге» қайта қарай келіп, Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингі болжамының ұқсас өзгерісінен кейін «KEGOC» АҚ рейтингін «BB+» деңгейінде растады.

S&P Global Ratings өз есебінде «KEGOC» АҚ-ның қажеттіліктен 1,5 еседен артық асатын «жеткілікті» өтімділігін атап көрсетеді, бұл компанияның міндеттемелерін кідіріссіз орындауға мүмкіндік береді. Тұрақты ақша ағындары жоспарлы сипатқа ие және компанияның тұрақты дамуы мен оның акционерлерінің мүдделерін қорғауды айқындайды.

Осылайша, болжамды «тұрақтыдан» «негативтіге» қайта қарау «KEGOC» АҚ-ның қаржылық жай-күйіндегі өзгерістерге негізделмеген және пайданың жоспарланған деңгейі мен акционерлерге дивидендтер төлеуге байланысты емес.

«KEGOC» АҚ-ның ұзақ мерзімді стратегиясы Қазақстанның энергетикалық жүйесінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған.

АНЫҚТАМА РЕТІНДЕ:

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының біртұтас энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функцияларын орындайды, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтерін иеленеді және басқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополия саласына жатады. Компанияның балансында ҰЭТ-ты құрайтын кернеуі 220-1150 кВ шамамен 27 000 км электр жеткізу желілері және трансформаторлардың белгіленген қуаты 38,99 ГВА 82 электр қосалқы станциялары бар. KEGOC - та 4,4 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толығырақ ақпарат оның www.kegoc.kz корпоративтік Интернет-ресурсында орналастырылған.

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс