Баспасөз хабарламалары

Энергетиктер үшін сыйлық ретінде демалыс ұйымдастырылды

«Энерготехкәсіподақ» салалық бірлестігі «KEGOC» АҚ қызметкерлері 2022 жылғы 10-11 қыркүйекте Қатаркөл кентіндегі «Оқу орталығы» кешенінің базасында («Энергоинформ» АҚ басқаруында) өткен «Отбасылық демалыс» көшпелі іс-шарасын өткізді.

KEGOC қызметкерлері ұжыммен бірге табиғат аясында демалуға шығып, туыстары және жақындарымен бос уақытын бірге өткізуге тамаша мүмкіндік алды.

Демалушылар үшін ересектер мен балаларға арналған ойындар ойнатылып, қызықты ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.

- Компания ұжымы осы бастаманы қолдаған жағдайда, кәсіподақ комитеті «KEGOC» АҚ басшылығының қолдауымен осындай іс - шараларды одан әрі өткізуге ниетті, - деді, «Энерготехкәсіподақ» ҚБ Төрағасы Мұқтар Бекенов. - Бұл ретте біз KEGOC өңірлік филиалдарының қызметкерлерін де осындай іс-шараларға қатыстыруды жоспарлап отырмыз.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс