Баспасөз хабарламалары

KEGOC қызметкерлері «Донор күні» акциясына қатысты

23 қыркүйекте «KEGOC» АҚ қызметкерлері «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК ұйымдастырған «Донор күні» акциясына қатысты. Осы жолы дәрігерлер нақты сұраныспен келді, яғни қанның белгілі бір тобына қажеттілік болды.

Компания кеңсесіне арнайы келген медициналық мобильді станцияның арқасында қызметкерлерге өндірістен қол үзбей, қан тапсыруға мүмкіндік туды. Игілікті шараға 60 адам қатысты.

Жыл сайын «KEGOC» АҚ-ның Астанадағы және өңірлердегі қызметкерлері донорлық акцияларға белсенді қатысады.

Шара туралы видеоның сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/Ci2CIWKuWow/?igshid=N2NmMDY0OWE=


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс