Баспасөз хабарламалары

KEGOC Екібастұз қаласындағы төтенше жағдайды жоюға қатысуда

«KEGOC» АҚ «Солтүстік ЖЭТ» филиалының қызметкерлері Екібастұз қаласындағы төтенше жағдайды жою бойынша апаттық қалпына келтіру жұмыстарына қатысуда. Компания тарапынан вахталық автомашина, жылытуға арналған жылжымалы вагон және жылжымалы электр станциясы бөлінді. Екібастұз қаласының егде жастағы тұрғындарына жедел көмек көрсету үшін еріктілерге шағын автобус берілді.

Электр энергиясын тұтынудың күрт өсуіне байланысты KEGOC филиалының барлық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Қаланы үздіксіз электрмен жабдықтау қамтамасыз етілуде.



Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс