Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының өкілеттіктері кеңейтілді

2022 жылғы 30 қарашада «KEGOC» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтті, онда «KEGOC» АҚ Жарғысы жаңа редакцияда бекітілді.

Құжатқа акционерлердің жалпы жиналысының өкілеттіктерін кеңейту, сондай-ақ Директорлар кеңесі және компания басқармасының жұмысын ұйымдастыруға қатысты бірқатар мәселелерге қатысты негізгі өзгерістер енгізілді.

Акционерлердің жалпы жиналысының жаңа құзыреттеріне енді аудиттелген жартыжылдық және жылдық қаржылық есептілікті бекіту, өтеу мерзімінсіз мемлекеттік емес облигациялар шығару туралы шешімдер қабылдау және оларды шығару шарттарын анықтау кіреді. Бұдан басқа, акционерлердің жалпы жиналысының отырыстарында Директорлар кеңесінің жұмысы туралы есеп қаралатын болады.

Анықтама:

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функциясын атқарады, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтерін иеленеді және басқарады. Қызметтің негізгі түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компанияның балансында ҰЭТ-ты құрайтын ұзындығы шамамен 27 000 км болатын, кернеуі 220-1150 кВ электр жеткізу желілері және трансформаторларының белгіленген қуаты 38,99 ГВА болатын 82 қосалқы  электр станциялары барКомпания туралы толық ақпарат оның корпоративтік интернет-ресурсында орналастырылған: www.kegoc.kz.

 

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс