Баспасөз хабарламалары

KEGOC жұртшылыққа Қазақстан БЭЖ-і Оңтүстік аймағының желісін күшейту жөніндегі жобаның экологиялық әсер ету аспектілерін ұсынды

«KEGOC» АҚ ағымдағы жылдың 5-9 желтоқсаны аралығында Қызылорда, Түркістан, Тараз, Шымкент, Талдықорған, Қонаев және Алматы қалаларында «Қазақстан БЭЖ-і Оңтүстік аймағының желісін күшейту. Электр желілік объектілерді салу» перспективалық жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу шеңберінде ашық қоғамдық тыңдаулар өткізді. Кездесулер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің төрағалық етуімен өтті.

Тыңдауға қатысушылар ҚР Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтерді қамтитын қоршаған ортаға ықтимал әсерлер туралы есеппен, сонымен қатар қоршаған ортаға әсердің алдын алуға, азайтуға және жеңілдетуге бағытталған іс-шаралармен танысты.

«Қазақстан БЭЖ-і Оңтүстік аймағының желісін күшейту. Электр желілік объектілерді салу» жобасына Мемлекет басшысы бастамашылық етті және Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының 500-220 кВ электр желілерін күшейту арқылы, оның ішінде қосалқы станцияларды тиісінше кеңейте отырып, 500кВ Шу-Жамбыл-Шымкент әуе желісін салу жолымен Оңтүстік энергетикалық аймақтың тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға бағытталған.

Қоғамдық тыңдаулардың қорытындысы бойынша жұртшылықпен мақұлданды және тыңдаулар ресми түрде өткізілді деп танылды.

 

АНЫҚТАМА РЕТІНДЕ:

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функциясын атқарады, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтерін иеленеді және басқарады. Қызметтің негізгі түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компанияның балансында ҰЭТ-ты құрайтын ұзындығы шамамен 27 000 км болатын, кернеуі 220-1150 кВ электр жеткізу желілері және трансформаторларының белгіленген қуаты 38,99 ГВА болатын 82 қосалқы электр станциялары бар.

Компания туралы толығырақ ақпарат оның www.kegoc.kz. корпоративтік интернет-ресурсында орналастырылған.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс