Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ-да ҚР Энергетика министрлігі басшылығының қатысуымен көшпелі кеңес өтті

2022 жылғы 22 желтоқсанда «KEGOC» АҚ-да жетекші энергетикалық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен ҚР Энергетика министрлігінің көшпелі кеңесі өтті. Кеңесте Біртұтас электр энергетикалық жүйенің (БЭЖ) 2022 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылды.

Кеңес барысында ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов еліміздің электр энергетикасы саласының ағымдағы мәселелері мемлекеттік органдар мен энергия компанияларының бірлескен күш-жігері шеңберінде жоспарлы түрде шешілетінін атап өтті. Сондай-ақ вице-министр қазіргі уақытта Парламенттің қарауына жылу энергетикасы, электр энергиясы нарығы, оның ішінде бірыңғай сатып алушы моделін, сондай-ақ теңгерімдеуші нарықты іске қосу саласындағы өзгерістерді көздейтін заңнамалық түзетулердің үлкен блогы енгізіліп жатқанын хабарлады.

«KEGOC» АҚ ұлттық диспетчерлік орталығының басшысы Ералы Шынасылов өз сөзінде ағымдағы жылы Қазақстанның энергожүйесі электр энергиясы мен қуат тапшылығы жағдайында жұмыс істегенін атап өтті, оның себептерінің бірі электр станцияларындағы аварияның жоғары болуы болып табылады, ол 2021 жылмен салыстырғанда 16%-ға жоғары. Бұл ретте 2022 жылы тұтынудың максимумы 16 459 МВт көлемінде тіркелді, бұл Қазақстан тарихындағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады. Алайда, мұндай жүктемелер кезінде Ұлттық электр желісі (ҰЭЖ) штаттық режимде сенімді жұмыс істеді.

«Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ Мұнай-газ, тау-кен және энергетикалық активтер департаментінің директоры Мұхтар Тәжіғалиев қордың өзекті мәселелерді шешу үшін электр энергетикасы саласында бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыруды жоспарлап отырғанын айтты. Бұл саланың өзекті мәселелерін шешіп қана қоймай, Қазақстан Республикасының энергияға тәуелсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

         Кездесуде нарық ойыншылары саланың бірқатар өзекті мәселелерін, жинақталған проблемаларды шешу жолдарын талқылады.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс