Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ жалпы көлемі 16,1 млрд. теңге «жасыл» облигацияларды орналастырды

2022 жылғы 21 желтоқсанда «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның (KASE) сауда алаңында жалпы көлемі 16,1 млрд. теңге, маржасы 3% болатын «жасыл» облигациялар табысты орналастырылды.

Бағалы қағаздар эмитенттің екінші облигациялық бағдарламасы облигацияларының екінші шығарылымы шеңберінде 2035 жылға дейін өтеу мерзімімен 35 млрд. теңге көлемінде орналастырылды. Сұраныстың ұсынысқа ара қатынасы 70,2%-ды құрады, бұл инвесторлардың «KEGOC» АҚ-ның «жасыл» облигацияларына қызығушылығының жоғары екенін көрсетеді. Инвесторлардың негізгі санаттары бөлігінде белсенді өтінімдердің жалпы көлемінен 50,4 %-ы банктердің үлесіне, 49,6%-ы басқа да институционалдық инвесторлардың үлесіне тиесілі болды.

Тартылған қаражат «KEGOC» АҚ филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ- лерін реконструкциялау», «Қазақстан БЭЖ-і Батыс аймағының электр желісін күшейту. Электр желілік объектілерді салу» инвестициялық жобаларын қаржыландыруға арналған.

Әуелік электр жеткізу желілерін реконструкциялау электр желілерінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, электр энергиясын тұтынушылар шығындарының көлемін оңтайландыруға мүмкіндік береді, «KEGOC» АҚ қызметінің тиімділігін арттырады. Бұдан басқа, жаңа электр желілік объектілерді салу есебінен Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Батыс аймағындағы тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігі артады.

Сонымен қатар, жобалардың әлеуметтік маңызы зор - құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде қосымша жұмыс орындары құрылатын болады. Бұл өз кезегінде экономиканың нақты секторының дамуына, халықтың жұмыспен қамтылуы мен әл-ауқатының артуына, бюджетке салық аударымдардың артуына оң әсерін тигізеді.

Анықтама ретінде:

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функцияларын орындайды, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтеріне иелік етеді және басқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компанияның балансында ҰЭТ-ты құрап

тұратын ұзындығы шамамен 27000 км болатын 220-1150 кВ электр жеткізу желілері мен трансформаторларының белгіленген қуаты 38,99 ГВА 82 қосалқы электр станциясы бар. Компания туралы толық ақпарат оның корпоративтік интернет-ресурсында орналастырылған: www.kegoc.kz.

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс