Баспасөз хабарламалары

Жамбыл облысының электр желілерінде 2023 жылғы 3 қаңтарда болған авариялық бұзушылықтар туралы баспасөз хабарламасы

2023 жылғы 3 қаңтарда Жамбыл облысында желдің жылдамдығы 30 м/с дейін жететін дауыл мен ылғалды қар күйіндегі жауын-шашынның салдарынан «Опорная» ҚС-ын электрмен қамтитын 220 кВ әуелік электр жеткізу желілері автоматты қорғаныс әрекетімен ажыратылды («KEGOC» АҚ балансында).

«KEGOC» АҚ қажетті техникамен және материалдармен жабдықталған авариялық бригадалары әуе желілерін тексеру жұмыстарын ұйымдастырды.

Түнгі тексеру нәтижесінде құлаған тіректер, үзілістер және сымның зақымдануы анықталды.

04.01.2023 ж. сағат 03:36-да бригадалар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кірісті.

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс