Баспасөз хабарламалары

Жамбыл облысындағы жоғары вольтты желілердегі апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының барысы жайында

«KEGOC» АҚ «Опорная» ҚС-ын (Жаңатас қаласы) электрмен қамтитын екі жоғары вольтты электр жеткізу желісінің бірінде апаттық-қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанын хабарлайды.

220 кВ «Шолақ Қорған – Опорная» желісі сағат 11:12-де іске қосылды.

Осылайша, «KEGOC» АҚ персоналдары Жаңатас қаласын электрмен қамтамасыз ететін 110 кВ Шахан қосалқы станциясын («Жамбыл электр желілері» АҚ балансында) электрмен қамтитын маңызды нысан – 220 кВ «Опорная» ҚС-ның жұмысын қалпына келтірді.

220 кВ «Қаратау – Опорная» екінші электрмен қамтитын желісінде апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс