Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ Қазақстанның БЭЖ-і оңтүстік аймағының желісін күшейту жобасының экологиялық әсері бойынша оң қорытынды алды

         «KEGOC» АҚ «Қазақстанның БЭЖ-і оңтүстік аймағының желісін күшейту. Электр желілік объектілерді салу» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі шеңберінде дайындалған қоршаған ортаға әсерін бағалау жөніндегі есепке оң қорытынды алды.

         ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қорытындысына сәйкес есеп экологиялық заңнамаға сәйкес деп танылды. Болашақта жобаны іске асыру барысында компания электр желілерін салу және пайдалануға беру кезінде қоршаған ортаға әсері жағынан бірқатар талаптарды сақтайтын болады.

         Қазақстан БЭЖ-і оңтүстік аймағының желісін күшейту. Электр желілік объектілерді салу» жобасы Мемлекет басшысының бастамасымен іске асырылмақ және Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының 500-220 кВ электр желілерін күшейту арқылы, соның ішінде электр қосалқы станцияларын сәйкесінше кеңейте отырып, Шу-Жамбыл-Шымкент 500 кВ әуе желісін салу арқылы Оңтүстік энергетикалық аймақтың тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға бағытталған.

 


Жедел желі

Кері байланыс