Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ 2022 жылғы қызметін қорытындылап, 2023 жылға арналған міндеттерін бекітті

15 наурызда «KEGOC» АҚ-да өткен жылдың нәтижелерін талқылауға және биылғы жылға арналған негізгі міндеттерді бекітуге арналған дәстүрлі жиын өтті. Шара барысында компанияның 2022 жылғы өндірістік-шаруашылық қызметінің қорытындылары шығарылды, сондай-ақ ЖО ҰДО және ЖЭТ филиалдары директорларының, «Энергоинформ» АҚ бірінші басшысының есептері тыңдалды.

Мерейтойлық 2022 жыл өндірістік міндеттерді орындау, инвестициялық жобаларды мерзімінде іске асыру, қауіпсіз еңбек пен қолайлы жағдайлар туғызу, сондай-ақ «KEGOC» АҚ қызметкерлерінің әл-ауқатын арттыру сияқты барлық белгіленген жоспарлар іске асырылды. Есепті кезеңдегі негізгі жетістіктердің ішінен төмендегілерді атап өтуге болады:

- «Түркістан қаласын сыртқы электрмен жабдықтау схемасын күшейту» жобасы шеңберінде кернеуі 220 кВ «Орталық» қосалқы станциясының құрылысын аяқтау;

- Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкіне 46,3 млн. теңге көлеміндегі қарызды мерзімінен бұрын қайтару;

- инвестициялық жобаларды іске асыру үшін «жасыл» облигацияларды сәтті орналастыру;

- ҚР Энергетика министрлігі өкілдерінің, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының HSE саласындағы басшылары мен сарапшыларының, сондай-ақ ТМД елдері компанияларының қатысуымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі бірінші Форумды өткізу;

- компания қызметкерлерінің денсаулығын ерікті медициналық сақтандыру бағдарламасын қайта іске қосу;

-жұмысшы персоналдың жылдық жиынтық табысын 28%-48%-ға, инженерлік-техникалық қызметкерлер мен мамандардың табысын 15%-36%-ға және орта буын басшыларының табысын 10% -15-ға арттыру;

- жеңілдетілген пайыздық мөлшерлеме бойынша банктік қарыз беру арқылы жоғары білікті кадрларды ұстап қалу және тарту үшін жеңілдетілген несиемен баспана сатып алу бағдарламасын іске қосу.

Басқарма төрағасы Қаныш Молдабаев іске асырылған іс-шаралар қызметкерлерді ынталандыруға, олардың әл-ауқатын арттыруға, сондай-ақ компаниядағы корпоративтік мәдениет пен әлеуметтік тұрақтылықтың жоғары деңгейін қолдауға қосымша серпін бергенін атап өтті.

2023 жылы компания алдында өте маңызды міндеттер тұр: «Қазақстан БЭЖ оңтүстік аймағының электр желісін күшейту» және «Батыс Қазақстанның энергожүйесін Қазақстан БЭЖ-мен біріктіру» жобалары бойынша жұмыстарды жалғастыру; компанияны қор нарығына шығаруды қамтамасыз ету (IPO); ESG-рейтингін алу, сондай-ақ компания қызметкерлерінің әл-ауқатын арттыру бойынша жоспарланған іс-шараларды іске асыру.

Кеңесті қорытындылай келе, Қаныш Молдабаев команданың үйлесімді жұмысының арқасында «KEGOC» АҚ болашаққа нық сеніммен қарап, күрделі техникалық және технологиялық міндеттерді шешуге дайын бола алатынына және 2023 жылы Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы көшбасшының позициясын растай алатынына сенім білдірді.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс