Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ-да жария тыңдау өткізілді

2023 жылғы 19 сәуірде қоғамдық тыңдауларда бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау және табиғи монополиялар субъектілерінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы 2022 жылғы қорытындылары бойынша тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында есеп ұсынылды.

Кездесуге қатысушылар келесі ақпаратпен танысты:
- «KEGOC» АҚ туралы жалпы ақпарат;
- «KEGOC» АҚ-ның 2022 жылғы инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы;
- 2022 жылғы арналған «KEGOC» АҚ реттеліп көрсетілетін қызметтеріне уәкілетті орган бекіткен тарифтік сметалардың баптар бойынша орындалуы туралы;
- реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау туралы;
- табиғи монополия субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы;
- KEGOC АҚ-ның 2022 жылғы қызметінің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы;
- 2022 жылғы электр энергиясын жеткізу бойынша, электр энергиясын желіге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру бойынша және электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы;
- реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жүргізілген жұмыс туралы;
- «KEGOC» АҚ қызметінің перспективалары туралы (даму жоспарлары), соның ішінде тарифтердің өзгеру ықтималдығы туралы ақпаратпен танысты.»

«KEGOC» АҚ бекітілген тарифтік сметасының орындалуы, бекітілген инвестициялық бағдарламасының орындалуы, реттеліп көрсетілетін қызметтерінің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы және қызметінің тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы 2022 жылғы есеп

Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс