Баспасөз хабарламалары

Алматыда өткен «KEGOC» АҚ қызметкерлерінің XII спартакиадасы өз мәресіне жетті

2023 жылғы 29-30 сәуірде Алматы қаласында «KEGOC» АҚ қызметкерлерінің XII спартакиадасы өтті.

Араға үш жыл уақыт салып, ортаға оралған спорттық мереке – Әз-Наурыз мейрамына орайластырылып өткізілді. Шараның мақсаты – компания қызметкерлеріне салауатты өмір салтын насихаттау, корпоративтік рухты нығайту, сонымен қатар филиалдар арасындағы байланысты дамыту болып табылады.

Жарысқа компанияның тоғыз өңірлік филиалы, Атқарушы дирекциясы мен Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығының біріккен командасы, («KEGOC» АД) сонымен қатар еншілес ұйым – «Энергоинформ» АҚ қызметкерлерінен құралған жалпы саны 11 команда қатысты.

Компания қызметкерлері екі күн бойы спорттың 10 түрі бойынша бақ сынады: мини-футбол, волейбол, баскетбол, стол теннисі, армрестлинг, тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту, шахмат және киберспорт.

Спорттық жарыстардың нәтижесінде ең үздік 178 ұпай жинаған «Алматы ЖЭТ» филиалының спортшылары жалпы командалық І орынға ие болды. Екінші орынды 133 ұпаймен «Ақмола ЖЭТ» командасы, ал үшінші орынды 127 ұпаймен «KEGOC» АД командасы иеленді.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс