Баспасөз хабарламалары

KEGOC Астананы көгалдандыруға қатысуда

2023 жылғы 6 мамырда Астананы көгалдандыру бойынша экологиялық бастамаларды қолдау мақсатында «KEGOC» АҚ елорданың Есіл ауданы Сауран көшесінің бойындағы учаскеге 100 ағаш көшетін отырғызуды қамтамасыз етті.

Отырғызу үшін үйеңкі көшеттері таңдалды. Бұл таңдауды қала билігі қолдады, өйткені үйеңкі ағаштары жергілікті климат жағдайында жақсы тамыр алады, сонымен қатар көмірқышқыл газ шығарындыларын сіңіру қабілеті жоғары.

Компания көшеттердің әрі қарай қалыптасып кетуі үшін бір жыл бойы қажетті күтімді жүзеге асыратын болады: суару, азықтандыру, кесу және санитарлық өңдеу.

 



Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс