Баспасөз хабарламалары

Наби Айтжанов «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды

2023 жылғы 31 шілдеде «KEGOC» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтті, онда Қаныш Молдабаевтың Басқарма төрағасы ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Молдабаев Қаныш «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі болып сайланды.

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы болып Наби Айтжанов сайланды, оның өкілеттік мерзімі үш жылға белгіленді.

Сонымен қатар, «KEGOC» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді:

- Алексей Репин – «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі және Ульфа Вокурки – тәуелсіз директор өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

- Марат Дүлқайыров тәуелсіз директор болып тағайындалды


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс