«KEGOC» АҚ компаниясы Қазақстанда электр энергиясын тұтынудың тұрақты өсуі жағдайында электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында өндіріске үнемі озық технологияларды енгізіп келеді.
Электр станцияларының тозуы ықтимал апаттардың қаупін арттырады.
Мұндай апатты жағдайлардың алдын алу үшін «KEGOC» АҚ-ы жаңа электр желілерін салу және нысандарды жоспарлы жаңғыртудан басқа, заманауи авариялық бақылау жүйелерін қолдану арқылы электр желілерінің сенімділігін қамтамасыз етіп келеді. Кәсіпорын технологиялық жабдықталуы бойынша әлемдегі жетекші электр желілері компанияларының қатарына енеді.
Компания аварияға қарсы автоматиканың орталықтандырылған жүйесін енгізу (ААОЖ) енгізді. Жүйе нақты уақыт режимінде ұлттық желінің сенімділігін қамтамасыз етеді және электр желілерінің жұмысында іркіліс болғанда, тұтынушылардың жарықтан ажыратылу ықтималдығын төмендетеді.
Сондай-ақ электр режимі параметрлерінің синхрофазорлық өлшемдеріне негізделген авариялық басқару жүйесі (WACS) енгізілді.
Технология бір-бірінен жүздеген шақырым алыста орналасқан нысандардан электр режимінің параметрлері туралы ақпаратты жедел жинауға мүмкіндік береді. Жүйе барлық деректерді өңдейді және қауіп туындаған жағдайда, оның ерте кезеңде алдын алып, болдырмайды. Жоба еліміздің барлық энергетикалық жүйесін бақылауда ұстауды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, «KEGOC» АҚ жиілік пен қуатты реттеуді автоматтандырды (ЖҚРА). Жүйе оған қосылған электр станцияларының жүктемесін бақылау арқылы персоналдың қатысуынсыз энергия жүйесінің тепе-теңдігінің сақталуын қамтамасыз етеді. Технология электр энергиясының сапасы мен Қазақстандағы электр станцияларының жұмысына сенімділікті қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта жүйеге Бұқтырма ГЭС, Шүлбі ГЭС, Өскемен ГЭС, Мойнақ ГЭС, Екібастұз ГРЭС-1 қосылған. Жақын арада Ақсу ГРЭС («ЕЭК» АҚ), болашақта «Топар» ГРЭС (Қарағанды ГРЭС-2) қосылатын болады.
Енгізілген технологиялардың жоғары тиімділігіне бірнеше мәрте көз жеткізілді. Озық жүйелердің арқасында «KEGOC» АҚ «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің жылу электр орталығында энергоблоктың тоқтап қалуы салдарынан 220 кВ Орал – Атырау – Маңғыстау транзитіне шамадан тыс жүктеме түскен Қазақстанның батысындағы ауыр апаттың алдын алды.
Қазақстанның электр энергетикалық жүйесінің жүйелік операторы ретінде «KEGOC» АҚ тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету үшін озық жүйелерді енгізу бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырады.