Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ қоржынында алты медаль – «Самұрық-Қазына» АҚ VIII спартакиадасының қорытындылары

 «KEGOC» АҚ Астана қаласында 2023 жылғы 18-20 тамыз аралығында өткен «Самұрық-Қазына» АҚ VIII спартакиадасының суперфиналында алты медаль жеңіп алды. Қатысушылар келесі спорт түрлері бойынша жоғары нәтиже көрсетті.
- Үстел теннисі – 2-орын, Ахметкали Утешев – «Ақмола ЖЭТ» филиалы АДО-ның бас диспетчері;
- Волейбол (әйелдер) – 2-орын, құрама команда;
- Волейбол (ерлер) – 3-орын, құрама команда;
- Футзал – 3-орын, құрама команда;
- Шахмат – 3-орын, Қымбат Рыспаева – «Алматы ЖЭТ» филиалы АДО-сының режим бойынша тобының 2-санатты инженері;
- Тоғызқұмалақ – 3-орын, Нұрболат Қасымбеков – «Алматы ЖЭТ» филиалы «Мойнақ ГЭС» 220кВ АТҚ жедел-диспетчерлік тобының мастері.
«Самұрық-Қазына» АҚ тобының 16 компаниясының ең мықты спортшыларымен қызу тартыстың нәтижесінде KEGOC жалпы командалық бесінші орынға ие болды.
«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов Компания спортшыларының лайықты деңгейде өнер көрсеткенін атап өтті: «Бұл спортшылар өздерінің шеберліктері мен табандылықтарын, сондай-ақ төзімділіктерін көрсеткен есте қаларлық ойын болды. KEGOC құрама командасын жеңісімен құттықтаймын! Сондай-ақ нәтижелері жалпы командалық есепке ықпалын тигізген әрбір қатысушының үлесін атап өткім келеді.
KEGOC ұжымы жоғары корпоративтік рухты сақтап, ұйымшылдығын көрсеткені қуантады. Достық сарын мен жанкүйерлердің қолдауы біздің спортшылардың жеңіске деген ынтасын арттырды».
Спорттық жарыстарға «KEGOC» АҚ-ның 75 қызметкері 11 спорт түрінен қатысты: волейбол, футбол, баскетбол, шахмат, үстел теннисі, арқан тарту, армреслинг, тоғызқұмалақ, кибер спорт, асық ату және жүзу.



Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс