Баспасөз хабарламалары

KEGOC ТМД Электр энергетикалық кеңесінің 62-ші отырысына қатысты

2023 жылғы 22 тамызда Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) ТМД Электр энергетикалық кеңесінің 62-ші отырысы өтті. «KEGOC» АҚ Жүйелік қызметтер және ҰЭТ-ты дамыту жөніндегі басқарушы директоры Керімқұлов Нұржан отырысқа қазақстандық делегация құрамында қатысты.
Отырысқа қатысушылар саланың өзекті мәселелерін, атап айтқанда өңірдегі электр энергетикасы әлеуетін дамыту мүмкіндіктерін, энергетикадағы халықаралық тәжірибе мен ғылыми-технологиялық дамуды басқаруды, майнинг өнеркәсібін электрмен жабдықтау проблемалары мен тәуекелдерін талқылады. Кездесуде дәстүрлі түрде ТМД ЭЭК қызметінің қорытындылары, алдағы күзгі-қысқы кезеңге энергия жүйелерін дайындау барысы және саланы дамытудың басқа да мәселелері айтылды.
ТМД ЭЭК-ге қатысушы мемлекеттермен энергия жүйелерінің қатарлас жұмыс істеуі жағдайында электрмен сенімді жабдықтауды қамтамасыз ету мәселелерінде стратегиялық ынтымақтастықты қолдау Жүйелік оператор- «KEGOC» АҚ үшін маңызды мәселе болып табылады.
ТМД ЭЭК 1992 жылғы 14 ақпанда ТМД электр энергетикасы саласындағы мемлекетаралық қатынастарды үйлестіру туралы үкіметаралық келісіммен құрылды. ТМД ЭЭК құрамына Келісімге қатысушы мемлекеттердің электр энергетикалық ведомстволарының басшылары және ұлттық энергетикалық компаниялардың басшылары кіреді.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс