Баспасөз хабарламалары

KEGOC алаңында «ЖЭК-ті генерациялайтын нысандарды интеграциялау және диспетчерлеу мәселелері: тәжірибе алмасу, кедергілер және жоспарлау тиімділігін арттыру мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Қазақстанның («KEGOC» АҚ) және Ресейдің («БЭЖ ЖО» АҚ) жүйелік операторлары, сондай-ақ салалық бірлестіктер, ірі энергетикалық ұйымдар мен жабдық өндірушілері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар ЖЭК-ті дамыту тәжірибесімен бөлісті. ЖЭК-ті энергия жүйесіне интеграциялау мәселелерін, энергия жинақтау жүйелерін енгізу бойынша жалпы тәсілдерді талқылады. Сондай-ақ, энергия жүйесін теңгерімдеуге, болжау мен диспетчерлеудің тиімділігін арттыруға байланысты өзекті мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар айтылды.

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс