Баспасөз хабарламалары

KEGOC Азия Даму Банкімен кездесу өткізді

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов Азия Даму банкінің өкілдерімен кездесті. Тараптар «Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту» жобасының қазіргі кезеңдегі жұмыстарын, сондай-ақ электр энергетикасы саласындағы ынтымақтастық аясында перспективалық бағыттарды талқылады.

Өздеріңізге белгілі, биылғы жылдың маусым айында «KEGOC» АҚ Азия Даму Банкімен «Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту» жобасын қаржыландыру бойынша ынтымақтастық ниеттері туралы келісім-хатқа қол қойған болатын. Қазіргі уақытта 2024 жылы кредиттік келісімге қол қою бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Жоба Ұлттық электр торабын ауқымды жаңғыртуды көздейді, өз кезеңінде бұл жаңа өндіруші қуаттарды, оның ішінде ЖЭК-ті енгізумен үндестірілуі және электр энергиясының қажетті өңіраралық мемлекетаралық ағындарын қамтамасыз етуі тиіс.

Жобаның І кезеңіне «Шу – Жамбыл», «Жамбыл – Шымкент» бағыттарында кернеуі 500 кВ электр жеткізу желілерінің жаңа тізбектерін салу, сондай-ақ «Шымкент», «Жамбыл» және «Шу» 500 кВ үш қосалқы станцияны реконструкциялау және кеңейту сынды негізгі жұмыстар кіреді.

Жобаны іске асыру «KEGOC» АҚ дамуының үш стратегиялық мақсатының бірі – «Энергоөткізу жағдайында Қазақстан БЭЖ-інің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуіне» қол жеткізу үшін «Электр энергиясын жеткізудің жаңа желілері мен қосалқы станциялар салу арқылы ҚР ҰЭТ өткізу қабілетін арттыру» міндетін орындауды қамтамасыз етеді.



Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс