Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов Қазақстанда ЖЭК-ті және ғылымды дамыту жөнінде Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы бойынша II конференцияға қатысты

Іс-шара «Бір белдеу – бір жол» бастамасына арналып, жасыл энергетика саласындағы мәселелерді шешуге бағытталды.

Негізгі панельдік сессияда сөйлеген сөзінде Нәби Айтжанов Қазақстанда ЖЭК дамытуды қолдау жөніндегі шаралар туралы айтып, ЖЭК интеграциясы кезінде энергия жүйесін дамыту жөніндегі қажетті іс-қимылдар туралы Жүйелік оператордың көзқарасымен бөлісті.

Конференция аясында «KEGOC» АҚ мен China Power International Development Limited арасында электр энергетикасы сағласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс