Баспасөз хабарламалары

220 кВ Атырау-Құлсары желісінің АМӨЗ-ге қатысы жоқ

«KEGOC» АҚ 2023 жылғы 13 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 07:46-да 220 кВ Ж-2025 Атырау-Құлсары электр жеткізу желісі автоматты түрде қайтадан қосыла отырып, ажыратылғанын, осылайша желілердің қалыпты жұмысы бұзылмағанын хабарлайды.
Бұл желінің Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысы жоқ.
Аталған зауытта кернеуі 0,4 кВ жекелеген қосылулар ажыратылды. Соның нәтижесінде АМӨЗ-дің тұтыну көлемі 64-тен 56 МВт-қа дейін төмендеді.
Сағат 08:55-те зауыт қызметкерлері жабдықты жұмысқа қосты. Осылайша бастапқы тұтыну қалпына келтірілді.
"KEGOC" АҚ АМӨЗ-мен бірлесіп зауыттағы автоматика жұмысының дұрыстығын қарауға дайын.



Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс