Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындысы

2023 жылғы 15 қыркүйекте сағат 11:30-да «KEGOC» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтті. Жиында Компанияның жарияланған акцияларының санын 15 294 118 дана жай акцияларға ұлғайту туралы шешім қабылданды, осыған байланысты «KEGOC» АҚ жарияланған акцияларының жалпы саны 275 294 118 дана жай акцияларды құрайды.

Өзгеріс «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі дауыс беретін акциялардың ең аз санын айқындайтын Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңы нормасына сәйкес келеді.

 

Анықтама:

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функциясын атқарады, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтерін иеленеді және басқарады. Қызметтің негізгі түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компанияның балансында ҰЭТ-ты құрайтын ұзындығы шамамен 27 000 шақырым болатын, кернеуі 220-1150 кВ электр жеткізу желілері және трансформаторларының белгіленген қуаты 38,99 ГВА болатын 82 қосалқы  электр станциялары бар. Компания туралы толық ақпарат www.kegoc.kz корпоративтік интернет-ресурсында орналастырылған.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс