Баспасөз хабарламалары

KEGOC SPO – инвесторлармен кездесу. KASE FEST – бірінші күн

KASE FEST қазақстандық брокерлердің жыл сайынғы жәрмеңкесі шеңберінде KEGOC Қазақстан қалалары бойынша роуд-шоуды бастады. Ең бірінші Павлодар қаласында өтті, әлеуетті инвесторларға KEGOC акцияларын сатып алу неліктен тиімді инвестиция екендігі туралы айтылды.

«KEGOC акциялары - Қазақстанның капитал нарығында бәсекелестік кірістілікті қамтамасыз ететін сенімді инвестициялық құрал. 2014 жылы KEGOC IPO күнінен бастап акциялардың бағасы үш еседен астам өсті. 9 жыл ішінде акционерлерге 218 млрд теңге жалпы сомасына дивидендтер төленді. Акциялар құнының өсуін және төленген дивидендтерді ескере отырып, акционерлердің жиынтық кірісі 400% -ды құрады. Компания жыл сайын таза пайданың тұрақты өсуін болжайды, оның кем дегенде 60% - ы жылына екі рет дивидендтер төлеуге жұмсалады», – деп атап өтті компанияның Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директоры Әкімбаева Айгүл.

Оның айтуынша, тарифтердің кезең-кезеңімен өсуі және Қазақстанда электр энергиясын тұтынудың өсуі бойынша болжамдар KEGOC кірістілігінің артуы бойынша болжамдар үшін негіз болып табылады. Бірінші жартыжылдықтағы таза пайда 23 млрд теңгеден асты, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 64,3%-ға артық. 2023 жылдың қорытындысы бойынша болжам - 31,5 млрд теңге: бұл 2022 жылға қарай плюс 18%, 2024 жылдың қорытындысы бойынша болжам-40,5 млрд теңге: бұл 2023 жылға қарай плюс 29%.

Инвестициялық компаниялар компания акциялары бағасының өсу перспективаларын позитивті бағалайды: орташа алғанда, KEGOC акцияларының құны бойынша қаржылық аналитиктердің болжамды бағасы 1 817 теңгені құрады, бұл компания акцияларының ағымдағы нарықтық құнынан жоғары.

Кездесулерге «Самұрық-Қазына» АҚ және инвестициялық компаниялардың өкілдері қатысады. Әлеуетті инвесторларға KEGOC акцияларын, оның ішінде брокерлік ұйымдар мен қор биржаларының, атап айтқанда Tabys Astana International Exchange (AIX) қосымшалары арқылы, сонымен қатар Қазпошта бөлімшелерінде қалай сатып алу керектігі туралы айтылады.

Инвесторлармен бірқатар кездесулерді Қазақстан қор биржасы (KASE) ұйымдастырды. Іс-шара қазақстандық қор нарығында сауда-саттықты танымал етуге және Қазақстанның ұлттық компанияларының IPO/SPO қарсаңында инвесторлардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Осындай іс – шаралар Астанада – 11 қазанда, Шымкентте – 13 қазанда, Алматыда –16 қазанда және Ақтөбеде – 20 қазанда өтеді. KASE FEST іс-шараларына кіру тегін, өткізу орны мен уақыты туралы ақпаратты мына жерден алуға болады.

Бұрын хабарланғандай, SPO өткізу туралы шешімді «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы 2023 жылғы 26 қыркүйекте қабылдады. Компания 15,2 миллионнан астам жай акцияларды ұсынады. Бұл ретте, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның үлесі компания акцияларының жалпы санының кемінде 85%-ын құрайды. Акцияның жоспарланған бағасы 1 482 теңгені құрайды, ал AIX биржасында күтілетін листинг 2023 жылдың қараша айының басында өтеді.

KEGOC-тың 17 және одан да көп акцияларына иелік ететін қазіргі акционерлер KEGOC хабарландыруы жарияланғаннан кейін 30 күн ішінде: 28 қыркүйектен 27 қазанды қоса алғанда, акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын пайдалана алады. Олар брокерлер арқылы немесе тікелей KEGOC-қа хабарласу арқылы өтінімдер жасай алады. Жаңа инвесторлардан өтінімдер жинау 16 қазаннан 2 қарашаға дейін жалғасады. Есептесулерді 9 қарашада жүргізу жоспарлануда.

Толық ақпарат «KEGOC» АҚ сайтында қол жетімді.


Жедел желі

Кері байланыс

Көмекші