Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ-да Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Бүгін KEGOC-та Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Компания төрағасы Нәби Айтжанов әріптестерін ұлттық мерекемен құттықтай келіп:

«Республика күні - қазақстандықтар үшін ұлттық бірлігімізді, бостандығымыз бен тәуелсіздігімізді бейнелейтін ерекше мереке. Мемлекеттің дамуының жаңа кезеңінде экономиканың барлық салаларын дамыту үшін негіз ретінде энергетиканың рөлі арта түсетін болады. Құрылған сәттен бастап KEGOC ұлттық экономиканың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін ескере отырып, ұлттық электр торабын дамыту және жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде. Біздің қызметкерлердің еңбекқорлығы, кәсібилігі мен өз ісіне адалдығы арқасында KEGOC айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп, бұдан әрі өркендеу түсуде» деп атап өтті.

Мерекелік іс-шарада Нәби Айтжанов Компания қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды, құрмет грамоталары мен алғыс хаттарды табыс етті.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен Айтуаров Мұхит («Ақтөбе жүйеаралық электр тораптары» филиалының электр слесарі), Баёв Олег («Солтүстік жүйеаралық электр тораптары» филиалының электр слесарі), Жаманов Ерболат («Ақмола жүйеаралық электр тораптары» филиалының мастері), Сәкен Жұмагерей («Батыс жүйеаралық электр тораптары» филиалының бас инженері) наградталды.

Ералы Шынасыловқа («Жүйеаралық оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы» филиалының директоры) және Қайдар Жалғасбаевқа («Батыс жүйеаралық электр тораптары» филиалының Теңіз АЭТ-інің бастығы) кәсіби атақтар берілді.

«Самұрық-Қазына» АҚ Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары Сабыр Тоқсановқа (Ақпараттық технологиялар департаментінің бас сарапшысы), Айдар Қаженовке («Орталық жүйеаралық электр тораптары» филиалының Ағадыр аумақтық электр тораптарының мастері), Ирина Попова (Жүйелік қызметтер департаментінің менеджері) мен Ербол Нұртановқа (Пайдалану департаментінің менеджері) табыс етілді.

«Бұл мереке жүрегімізді қуанышқа толтырып, қолда барымызды мақтан тұтуға мүмкіндік береді деп сенемін. Баршамызға жаңа белестерді бағындырып, алға қойған мақсаттарға қол жеткізуді тілеймін». Әріптестерімізді бүгінгі наградаларымен құттықтай отырып, зор денсаулық және еңбекте табыс тілейміз! – деп Нәби Айтжанов мерекелік іс-шараны аяқтады.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс