Баспасөз хабарламалары

KEGOC акциялары қайталама орналастыру (SPO) шеңберінде тағы екі күн бойы қолжетімді

KEGOC SPO шеңберінде 15,2 млн. астам жай акция ұсынады. Бір жай акцияның бағасы - 1482 теңге. Жаңа инвесторлардан орналастыруға қатысуға арналған өтінімдерді жинау 2 қараша сағат 18.00-де аяқталады. Өтінімдерді брокерлер, банктер мен Tabys қосымшалары, сонымен қатар «Қазпочта» АҚ бөлімшелері арқылы беруге болады.

«Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысында «KEGOC» АҚ акцияларын қайталама орналастыру туралы ақпарат тыңдалды.

Бұрын хабарланғандай, SPO өткізу туралы шешімді KEGOC акционерлерінің жалпы жиналысы 2023 жылғы 26 қыркүйекте қабылдады. KEGOC SPO шеңберінде 15 294 118 жай акцияны ұсынады, бұл ретте «Самұрық-Қазына» АҚ-ның үлесі компания акцияларының жалпы санының кемінде 85%-ын құрайды.

«Самұрық-Қазына» АҚ экономиканы мемлекет иелігінен алу және Қор компанияларын нарыққа шығару бойынша жоспарлы жұмысты жалғастырып келеді. KEGOC SPO-сы компанияға өзінің қаржылық позициясын нығайтуға және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға және дамытуға бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік беретін осы бағыттағы басым қадамдардың бірі болып табылады. Бұл, сондай-ақ Қордың портфельдік компанияларының ашықтығын, тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін жақсарту бойынша стратегиямыздың маңызды бағыты болып табылады», - деді «Самұрық-Қазына» АҚ Даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат САТЖАН.

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторының функцияларын орындайды, Ұлттық электр торабының активтерін иеленеді және басқарады.

Қазақстанда электр энергиясын тұтынудың өсуі бойынша күтілетін тарифтердің кезең-кезеңмен ұлғаюы және болжамдар KEGOC табыстылығының ұлғаюы бойынша болжамдар үшін негіз болып табылады.

KEGOC басшысы Нәби Айтжановтың айтуы бойынша компания табысының өсу әлеуеті электр энергиясы нарығындағы жаңа реттеуші өзгерістермен және ұлттық электр торабын пайдалану бойынша жаңа қызметтің пайда болуымен байланысты. KEGOC-тың таза пайдасы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бір жарым есеге - 14 млрд теңгеден 23 млрд теңгеге дейін өсті. Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша KEGOC-тың таза пайдасы 2022 жылғы 26,7 млрд теңгемен салыстырғанда шамамен 31,5 млрд теңгені құрауы мүмкін. Негізгі қызметтен түсетін кірістер 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 11,3%-ға немесе 11,56 млрд теңгеге, 114,4 млрд теңгеге дейін өсті.

 

«Қазақстанда электр энергиясын тұтынудың өсуі бойынша тарифтер мен болжамдардың кезең-кезеңімен ұлғаюы KEGOC кірістілігінің ұлғаюы бойынша болжамдар үшін негіз болып табылады. 2014 жылы алғашқы жария орналастырылған сәттен бастап компания акцияларының бағасы 3 есе өсті, акционерлерге барлығы 218 млрд теңге төленді», - деп атап өтті Нәби АЙТЖАНОВ.

2022 жылы KEGOC акционерлеріне төленген төлем мөлшері таза пайданың 112,8%-ын (30,17 млрд теңге) құрады. Жаңартылған KEGOC Дивидендтік саясатына сәйкес акционерлерге дивидендтер төлеуге таза пайданың кемінде 60%-ы жұмсалатын болады. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Компания 20,2 млрд теңге сомасына дивидендтер төлейді.

SPO-дан түскен қаражат KEGOC-тың ҚР Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Оңтүстік аймағының желілерін күшейту бойынша ірі инвестициялық жобасын іске асыруға жұмсалатын болады. Бұл электр энергиясын тұтынудың болжамды өсуіне байланысты оңтүстік аймақ тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға, сондай-ақ негізінен оңтүстік аймақта шоғырланған ірі ЖЭК объектілерінің қуатын беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін стратегиялық маңызды жоба болып табылады. Жоба шеңберінде 500 кВ үш электр қосалқы станцияны кеңейте отырып, ұзындығы 475 км 500 кВ «Шу-Жамбыл-Шымкент» 2 желі салынатын болады.

«KEGOC» АҚ SPO қосымша эмиссия арқылы жүзеге асырылады. «Фридом Финанс» АҚ, «Halyk Finance» АҚ және «SkyBridge Invest» АҚ серіктес үйлестіруші және букраннерлер болып табылады. «BCC Invest» АҚ және «Jusan Invest» АҚ серіктес андеррайтерлер болып табылады.

 

Анықтама үшін:         

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторының функцияларын орындайды, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтерін иеленеді және басқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополия саласына жатады. Компания балансында ҰЭТ-ты құрайтын кернеуі 220-1150 кВ ұзындығы шамамен 27 000 км электр жеткізу желілері және трансформаторларының орнатылған қуаты 38,99 ГВА болатын 82 электр қосалқы станциясы бар. Компания туралы толығырақ ақпарат оның корпоративтік интернет-ресурсында орналастырылған: www.kegoc.kz.




Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс