«KEGOC» АҚ Қазақстан қор биржасында (KASE) және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында (Astana International Exchange, AIX) өткізілетін акцияларды қайталама орналастыруға (SPO) қатысу үшін жаңа инвесторлардан өтінімдерді қабылдау аяқталғанын хабарлайды.
Бірінші кезең - KEGOC-тың 17 және одан да көп акцияларына иелік ететін қазіргі акционерлер үшін акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру кезеңі – 28 қыркүйектен 27 қазанға дейін 30 күнге созылды. Ал жаңа инвесторлардан өтінімдер жинау 16 қазанда басталып, 2 қараша күні сағат 18:00-де аяқталды.
Өтінімдерді берген және төлем жүргізген инвесторлар арасында акцияларды бөлу 2023 жылғы 7 қарашада аяқталады, акциялар 9 қарашада инвесторлардың тиісті шоттарына келіп түседі. Қор биржаларында қайталама сауда-саттықтың басталуы 2023 жылғы 10 қарашаға жоспарланған.
Қазіргі акционерлерде брокерлер арқылы немесе KEGOC-қа тікелей өтініш беру мүмкіндігі болғандығын естеріңізге сала кетейік, Жаңа инвесторлар брокерлер, банктер мен Tabys қосымшалары, сонымен қатар «Қазпочта» АҚ бөлімшелері арқылы өтінімдер бере алды.
SPO KEGOC Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша экономиканы одан әрі мемлекет иелігінен алу, оның ішінде қосымша эмиссия жолымен мемлекеттік активтерді жекешелендіру есебінен өткізіледі.
SPO KEGOC шеңберінде 15 294 118 жай акцияны ұсынды, бұл ретте «Самұрық-Қазына» АҚ үлесі компания акцияларының жалпы санының кемінде 85 процентін құрайды. Бір жай акцияның бағасы – 1482 теңге.