Баспасөз хабарламалары

AIX-те «KEGOC» АҚ-ның салтанатты листингі өтті

AIX «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында SPO аясында орналастырылған «KEGOC» АҚ акцияларының қайталама сауда-саттығын іске қосу салтанатты рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға «Самұрық-Қазына» АҚ-ның бірінші басшысы Нұрлан Жақыпов пен «KEGOC» АҚ-ның бірінші басшысы Нәби Айтжанов қатысты.

«KEGOC» АҚ-ның SPO қорытындысы бойынша инвесторлардан жалпы сомасы 34,8 млрд теңгені құрайтын 50 мыңнан астам өтінім келіп түсті, бұл орналастырудың жалпы көлемінен 1,5 есеге артық. Жинақталған өтінімдерді талдау нәтижелері бойынша жалпы сомасы 22,6 млрд теңгеден артық болатын SPO-ның жоспарланған көлеміне сәйкес келетін өтінімдерді қанағаттандыру туралы шешім қабылданады.

«Қазақстан азаматтары 10 млннан астам акцияларды сатып алу үшін 15 млрд теңгеден артық сомаға өтінім беру арқылы KEGOC-тың SPO-ға деген қызығушылықтарын білдірді. Бұл ірі ұлттық компаниялардың IPO/SPO-сы аясында Қор ұсынатын инвестициялық мүмкіндіктерге деген олардың жоғары қызығушылығының куәсі. KEGOC SPO-сы компания акцияларының өтімділігін арттыру үшін маңызды фактор болады. Оның нәтижелері бойынша еркін айналымдағы компания акцияларының үлесі 2,7%-дан бастап 8,1%-ға дейін ұлғайды», - деді АО «Самұрық-Казына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

«KEGOC» АҚ Басқама төрағасы Нәби Айтжанов компанияның мінсіз дивидендтік тарихы бар екенін және белгіленген жоспарларға қол жеткізу үшін қосымша мотивация болған нарық сенімін ақтауға ниетті екенін атап өтті.

«Бүгін KEGOC менеджменті мен сауда-саттықты аша отырып, SPO-дан кейін акционерлермен жұмыс жөніндегі біздің жоспарларымыз туралы қайта естеріңізге саламын. Бірінші, біз сіздердің салымдарыңызды сақтауға және көбейту үшін жұмыс істейтін боламыз. Екіншіден, біз елдің энергожүйесін дамытуға және қауіпсіздігіне бағытталған барлық жүйелік жобаларды іске асырамыз. Ең бастысы – біз жылдар бойында күш-жігерімізбен көрсетіп келе жатқан ашықтықты сақтайтын боламыз», – деді сөз барысында АО «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов.

CEO AIX Әсел Мұқажанова биржа ұлттық компанияларды AIX-ке орналастыру және инвесторларды ыңғайлы технологиялық шешімдер, оның ішінде Tabys қосымшасы және банктермен мобильді интеграциялар арқылы тарту үшін қажетті жағдайлар жасауға үнемі ұмтылатынын атап өтті.

«Бүгінгі таңда инвестициялау үшін тек смартфон, интернетке қолжетімділік және банктік шот қажет.

Онлайн инвестициялау – бұл AIX жасайтын және дамытатын өзгешелік және бұл жерде әзірге бізге ешкім тең келмейді. KEGOC SPO-сы барысында онлайн өтінімдердің рекордтық саны берілді – 11 мыңнан астам сомаға 2,2 миллиард теңге. Біз бөлшек сауда инвесторларының AIX-ке және біз ұсынатын құралдарға деген сенімі әр уақытта артып келе жатқанына қуаныштымыз», – деп хабарлады Ә. Мұқажанова.

AIX мәліметтері бойынша негізгі қатысушылар жас мөлшері 40-тар шамасындағы ерлер мен әйелдердің үлесі бірдей болды. Tabys қосымшасындағы онлайн-өтінімнің максималды сомасы - 11,8 миллион теңге (8 мың акция). Tabys-та өтінімдер букбилдингтің соңғы минутына дейін қабылданып, өңделді.

«KEGOC» АҚ-ның акцияларын екінші рет орналастыру аясында компанияның орналастырылған жай акцияларының жалпы көлемінің 5,6%-ын құрайтын 15,3 жай акциялардың сатылғанын естеріңізге саламыз.

SPO-дан тартылған қаражат Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің Оңтүстік аймағындағы желілерді нығайту бойынша KEGOC-тың ірі инвестициялық жобасын іске асыруға бағытталатын болады. Жоба аясында 500 кВ болатын 3 электр қосалқы станциясы тиісінше кеңейтіліп, ұзындығы 475 км-ді құрайтын «Шу-Жамбыл-Шымкент» 500 кв 2 желісі салынатын болады. Бұл электр энергиясын тұтынудың болжамды өсуін ескере отырып, Оңтүстік аймақтың тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға, сондай-ақ негізінен Оңтүстік аймақта шоғырланған ірі ЖЭК объектілерінің қуатын беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін стратегиялық маңызды жоба.

SPO KEGOC Мемлекет басшысының тапсырмасына, сондай-ақ «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысымен бекітілген 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес өткізілуде.

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс