Баспасөз хабарламалары

KEGOC-тың 10 айдағы жедел қорытындысы: 32,7 млрд теңге таза пайда

«KEGOC» АҚ 2023 жылғы 10 ай қорытындысы бойынша 32,7 млрд теңге таза пайда алды. 2022 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда пайданың өсуі 41,6%-ті құрады (2022 жылғы 10 айдағы пайда 23 млрд. теңгені құраған болатын). Бұрын 2023 жылғы таза пайда 31,5 млрд теңге мөлшерінде болады деп жоспарланған.

Биылғы жылдың қаңтар-қазан айларындағы негізгі қызметтен түскен кіріс 197 млрд теңгені құрады. 2022 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 23 млрд теңгеге өсті.

Компанияның түсімі негізінен тарифтердің және көрсетілген қызметтер көлемінің өсуі нәтижесінде реттеліп көрсетілетін қызметтерден түскен кірістер есебінен артты.

2023 жылғы 10 айдағы жалпы шоғырландырылған шығыстар - 168 млрд теңге.

Қазақстан бойынша электр энергиясын тұтыну биылғы жылы 10 айда 93,9 млрд кВтсағ құрады, бұл өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 2,5%-ке көп. Электр энергиясын жеткізу бойынша қызмет көлемі 35,9 млрд кВтсағ, Ұлттық электр торабын пайдалану қызметі бойынша көлем 22,7 млрд кВтсағ құрады.

Жақында өткізілген KEGOC SPO қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ үлесі 85%-ке дейін қысқарды. SPO барысында барлық инвесторлар, соның ішінде бөлшек сауда инвесторлары тарабынан қызығушылықтың артқаны байқалады. Нәтижесінде ұйымдастырушылар 34,8 млрд теңге жалпы сомасына 50 мыңнан астам өтінім алды. Осылайша, сұраныс жоспарланған орналастыру көлемінен 1,5 есеге асты.

«KEGOC» АҚ акционерлеріне дивиденд төлеу мерзімділігі - жылына 2 рет. 2023 жылғы бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ 20,2 млрд теңге немесе таза пайданың 87%-і мөлшерінде дивиденд төледі. Бекітілген дивиденд саясатына сай таза пайданың кем дегенде 60%-і дивиденд төлеуге жұмсалатын болады.

АНЫҚТАМА РЕТІНДЕ: «KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функциясын орындайды, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтерін иеленеді және басқарады. Қызметінің негізгі түрлері табиғи монополия саласына жатады. Компанияның балансында ҰЭТ-ты құрайтын ұзындығы шамамен 27 000 км кернеуі 220-1150 кВ-тық электр жеткізу желілері және трансформаторларының белгіленген қуаты 38,99 ГВА 82 қосалқы электр станциясы бар. Компания туралы толық ақпарат оның интернет-ресурсында www.kegoc.kz орналастырылған.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс