Баспасөз хабарламалары

Мәжіліс депутаттары KEGOC-тың ұлттық электр торабын дамыту жоспарымен танысты

2023 жылғы 20 қарашада «KEGOC» АҚ-да Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі төрағасының орынбасары Альберт Раудың басшылығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитеті мүшелерінің көшпелі отырысы өтті. Кездесу электр энергиясын бірыңғай сатып алушының, теңгерімдеуші нарықтың жұмысына және «KEGOC» АҚ-ның электр энергиясы нарығының жаңа моделі жағдайында ұлттық электр торабын одан әрі дамыту жөніндегі жоспарларына арналды.

Кездесуге ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов және «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов қатысты. Қатысушылар нарықтың жаңа моделі енгізілгеннен кейінгі электр энергетикасының ағымдағы ахуалын және ұлттық электр торабын одан әрі дамыту жөніндегі мәселелерді талқылады.

«KEGOC» АҚ Басшысы Нәби Айтжановтың айтуынша, алдағы күзгі-қысқы кезеңге (КҚК) арналған болжамды теңгерім тапшылықпен жобаланады.

«Болжалды 17 ГВт максималды электр жүктемесі және 15,54 ГВт жұмыс қуаты бойынша тапшылық шамамен 1,5 ГВт-ты құрайды. Бұл ретте КҚК кезеңінде электр энергиясының тапшылығы шамамен 1,8 млрд. кВтсағатты құрауы ықтимал. Ағымдағы жағдайда тапшылық электр энергеиясын Ресей Федерациясынан импорттау есебінен өтелетін болады», - деді ол.

KEGOC, өз кезегінде, жүктеменің күзгі-қысқы максимумынан өту бойынша дайындық жұмыстарын сәтті аяқтады. Ұлттық электр торабының 574 объектісінде 2,5 млрд теңге жалпы сомасына жөндеу жұмыстары орындалды, 2023-2024 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындық паспорты алынды.

Даму перспективаларын және мемлекеттің энергетикалық саланы дамыту бойынша бастамаларын есепке ала отырып, KEGOC ауқымды инвестициялық жобаны іске асырады. Ағымдағы үш ірі инвестциялық жоба – Ақтөбе, Сарыбай және Батыс ЖЭТ филиалдарында 220-500 кВ электр жеткізу желілерін реконструкциялаудың бірінші кезеңі, Қазақстан энергия жүйесінің Батыс және Оңтүстік аймақтарында электр желілерін күшейту – электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, соның ішінде генерациялау объектілерін елдің біртұтас энергия жүйесіне жоспарлы енгізу үшін жағдайлар жасауға бағытталған.

Сонымен қатар, «KEGOC» АҚ 2035 жылға дейін ҰЭТ-ты дамыту бойынша тағы алты жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Оның ішінде Батыс энергия жүйесін Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесімен біріктіру, Солтүстік-Оңтүстік бағытында тұрақты тоқ желісін салу, 500 кВ «ОБТҚ - Қарағанды – Нұра» желісін салу, сонымен қатар орналасқан барлық аймақтарды қамтып, Компанияның электр желілерін реконструкциялаудың тағы екі кезеңін жалғастыру.

Компания аталған жобаларды іске асыру 2035 жылға дейін енгізілуі жоспарланған генерациялайтын қуаттарды дамыту жөніндегі жоспарларды үйлестіруге, транзиттік әлеуетті өсіруге және елдің энергетикалық тәуелсіздігін күшейтуге мүмкіндік береді деп болжайды.

Қатысушылар нарықтың жаңа моделінің жұмыс істеуі жөніндегі мәселелерді де талқылады: ағымдағы жылы елде Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы механизмі және Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы енгізілді. Жүйелік оператор энергия нарығы жұмысын одан әрі жетілдіру бойынша өз пайымын ұсынды.

 

 

 

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс