Баспасөз хабарламалары

Қазақстан мен Ресейдің жүйелік операторлары аварияға қарсы бірлескен жаттығу өткізді

«KEGOC» АҚ Москва қаласында Жүйелік оператордың Персоналды даярлау орталығы базасында диспетчерлердің халықаралық жүйеаралық аварияға қарсы жаттығуларына қатысты. Жаттығуға қатысушылар диспетчерлердің күзгі-қысқы кезеңдегі жүктеме максимумында екі елдің энергия жүйелерінің қатарлас жұмысының қалыпты режимінің бұзылуын жою бойынша бірлескен іс-қимылдарды пысықтады.

«Национальные электрические сети Узбекистана» АҚ, «Национальный диспетчерский центр» МУК және «Энергия» ҮДО (Өзбекстан Республикасы), «НЭС Кыргызстана» ААҚ және «Электрические станции» ААҚ (Қырғыз Республикасы) өкілдері бақылаушы болды.

Жаттығу сценарийі бойынша Ресей БЭЖ-і мен Қазақстан БЭЖ-і байланысын қамтамасыз ететін 500 кВ транзиттік желілердегі авария имитацияланды.

Аварияны жою үшін қажетті тексеру, сынау және зақымдалған жабдықты жөндеуге шығару іс-шаралары жүргізілді. Жиілікті қалпына келтіру және энергия жүйесінің бөлінген бөлігіндегі бақыланатын қималарындағы шамадан тыс жүктемені жою үшін генерация резервтері іске қосылды.

Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығының (KEGOC) бас диспетчері Евгений Дидоренконың айтуынша, аварияға қарсы жаттығу диспетчерлік басқарудың қауіпсіздігін және сенімділігін арттыруға жағдай жасайды.

- Ол әлсіз тұстарды анықтауға және авариялық жағдайлардың алдын алу және бақылау жүйесін жақсартуға көмектеседі. Бұл Қазақстан БЭЖ-інің сенімділігін қамтамасыз ету үшін маңызды фактор болып табылады, сондай-ақ басқа өңірлер мен елдердің әріптестерімен үздік тәжірибе алмасуға көмектеседі. Біз өз командамызды және оның аварияға қарсы жаттығулардағы жетістіктерін мақтан тұтамыз. Мұндай оқиғалар біздің өсуімізге және кәсіби дамуымызға ықпал етеді және біз өз мүмкіндіктерімізді жақсарту және сенімдірек болу үшін осындай іс-шараларға белсенді қатысуды жалғастырамыз, - деп атап өтті.

Халықаралық аварияға қарсы жаттығу Ресей мен Қазақстанның диспетчерлік орталықтары персоналының екі елдің энергия жүйелерінің сенімді бірлескен жұмысын қамтамасыз етуге дайындығын растау мақсатында алғаш рет өткізілді.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс