Баспасөз хабарламалары

KEGOC Қазақстан Республикасының БЭЖ-інде электр энергиясын сақтау жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойды

2023 жылдың 4 желтоқсанында Пекинде Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне электр энергиясын сақтау жүйесін енгізу бойынша Пилоттық жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойылды. Келісімге «KEGOC» АҚ, China Power International Development Limited, China Power International Holding Limited және «Қазақстанның жаңартылатын энергия көздері қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі арасында қол қойылды.

Осы Келісім шеңберінде China Power International Development Limited компаниясы «KEGOC» АҚ қосалқы станциясында қуаты 5 МВт-қа дейінгі электр энергиясын сақтау жүйесін орнатады. Пилоттық жобаның мақсаты электр энергиясының жаңартылатын көздерін Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне біріктіру кезінде электр энергиясын сақтау жүйелерінің энергия жүйесін реттеуге әсерін зерттеу болып табылады.

Пилоттық жобаны іске асыру нәтижелері бойынша «Қазақстанның жаңартылатын энергия көздері қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын сақтау жүйелерін пайдалану жөнінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу және нормативтік-техникалық құжаттамаларды әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындалатын болады.

Пилоттық жобаны іске асыру Қазақстан Республикасында электр энергиясын сақтау технологияларын дамытуды ынталандырады, бұл өз кезегінде елде электр энергиясының жаңартылатын көздерінің санын арттыруды қамтамасыз етеді.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс