Баспасөз хабарламалары

KEGOC-тың 11 айдағы қорытындылары: 36,1 млрд теңге таза пайда

 «KEGOC» АҚ 2023 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша 36,1 млрд теңге таза пайда алды. 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда пайданың өсуі 24,8% -ті құрады (2022 жылдың 11 айында пайда 29 млрд. теңгені құрады). Сонымен қатар, бұл бұрын 31,5 млрд теңге мөлшерінде жоспарланған 2023 жыл ішінде күтілетін таза пайда деңгейінен асып түседі.

Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз брифингінде «KEGOC» АҚ Қаржы және есеп жөніндегі басқарушы директоры Айгүл Әкімбаева хабарлады.

Есептік кезеңде «KEGOC» АҚ жүйелік оператор ретінде Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) сапалы жұмысын қамтамасыз етуді және ел тұтынушыларын сенімді электрмен жабдықтауды жалғастырды. 2023 жылдың 11 айында өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің тұрақты өсуі байқалады.

Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында негізгі қызметтен түскен табыс 220,9 млрд теңгені құрады. 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізгі қызметтен түсетін кірістер 25,8 млрд теңгеге өсті.

Компанияның түсімі негізінен көрсетілетін қызметтер көлемінің өсуі есебінен ұлғайды.

Қазақстан бойынша электр энергиясын тұтыну ағымдағы жылдың 11 айында 104,0 млрд кВтсағатты құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,1%-ке артық. Электр энергиясын жеткізу бойынша қызметтер көлемі 37,5 млрд кВтсағатты, Ұлттық электр торабын пайдалану қызметі бойынша – 29,0 млрд кВтсағатты құрады.

Тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету және Қазақстанның БЭЖ тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында «KEGOC» АҚ бірқатар ірі инвестициялық жобаларды іске асыруда. Олардың қатарында «KEGOC» АҚ филиалдарының 220-500 кВ әуелік электр жеткізу желілерін реконструкциялау (үш кезең)», «Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту» және «Батыс Қазақстанның энергия жүйесін Қазақстан БЭЖ-імен біріктіру» жобалары бар.

Қараша айында компания «Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту» стратегиялық маңызды жобасын сәтті аяқтады. 220 кВ жаңа электр жеткізу желілерін енгізудің арқасында өңірдің мына учаскелерінде электр желілерінің өткізу қабілеті екі есеге: «Правобережная-Индер» қазіргі 100 МВт орнына 200 МВт-ға дейін және «Бейнеу-МАЭК» шамамен 200 МВт-ға дейін артты. Бұл республиканың Батыс облыстарының тұтынушыларын электрмен сенімді жабдықтауды қамтамасыз етуге де оң әсер етеді.

Жақында өткен SPO KEGOC қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ үлесі 85%-ға дейін қысқарғанын естеріңізге сала кеткіміз келеді. SPO барысында инвесторлардың барлық түрлерінен, әсіресе бөлшек саудадан қызығушылықтың артуы байқалды. Нәтижесінде жалпы сомасы 34,8 млрд теңгеге 50 мыңнан астам өтінім алынды. Осылайша, сұраныс жоспарланған орналастыру көлемінен 1,5 еседен астам асып түсті.

«KEGOC» АҚ акционерлеріне дивидендтер төлеу кезеңділігі -жылына 2 рет. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ 20,2 млрд теңге немесе таза пайданың 87% мөлшерінде дивидендтер төледі. Бекітілген дивидендтік саясатқа сай таза пайданың кемінде 60%-ті дивидендтер төлеуге жұмсалады.

«KEGOC»АҚ қызметінің 2023 жылғы 11 айдағы қорытындысы



Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс