Баспасөз хабарламалары

Green Finance Centre (АХҚО) KEGOC-тың «жасыл» облигацияларды шығару бойынша 2023 жылғы есебін сәтті верификациялады

IFC Green Finance Centre Ltd (GFC) «KEGOC» АҚ-ның «жасыл» облигациялар шығару жөніндегі жылдық есебінің Халықаралық капитал нарықтары қауымдастығының жасыл облигациялар қағидаттарына, сондай-ақ «KEGOC» АҚ-ның жасыл қаржыландыру саясатына сәйкестігін растады.

Эмиссиядан кейінгі сыртқы тексеру шеңберінде қаржы құралдарының белгіленген стандарттар мен талаптарға сәйкестігі бағаланды, сондай-ақ тартылған қаражаттың нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуы расталды.

2022 жылғы желтоқсанда «KEGOC» АҚ қазақстандық компаниялардың алғашқыларының бірі болып KASE Қазақстандық қор биржасында дебюттік «жасыл» облигациялар шығарды. Екі орналастырудың жалпы сомасы шамамен 32 млрд теңгені құрады.

Қаражат «KEGOC» АҚ филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ-сін реконструкциялау» және «Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту. Электр желілік объектілерді салу» инвестициялық жобаларын қаржыландыруға жұмсалды. Электр желілік объектілерді жаңғырту және жаңа электр желілік объектілерді салу тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға, олардың электр энергиясына жұмсалатын шығындарын оңтайландыруға, сондай-ақ іске қосу жоспарланып отырған ЖЭК-тің жаңа объектілерін энергия теңгеріміне тарту үшін жағдайлар жасауға бағытталған.

Есептер келесі сілтеме бойынша қолжетімді https://www.kegoc.kz/for-investors-and-shareholders/raskrytie-informatsii/prospekt-vypuska-tsennykh-bumag/ .

 

АНЫҚТАМА ҮШІН: «KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функциясын атқарады, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтеріне иелік етеді және басқарады. Қызметінің негізгі түрлері табиғи монополия саласына жатады. Компания балансында ҰЭТ-ты құрайтын ұзындығы шамамен 27 000 км болатын, кернеуі 220-1150 кВ электр жеткізу желілері және трансформаторларының белгіленген қуаты 38,99 ГВА-дан астам 83 қосалқы электр станциясы бар. Компания туралы толық ақпарат оның корпоративтік интернет-ресурсында орналастырылған: www.kegoc.kz

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс