Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» басшысы Нәби Айтжанов компанияның батыс филиалдарына барып, су тасқыны кезеңіндегі энергетиктердің жұмысын қадағалады

Нәби Айтжанов энергетиктердің бірінші кезектегі негізгі міндеті – кез келген жағдайда электрмен үздіксіз қамтамасыз ету екенін айтты. Бұл ретте ол филиал директорларына апатқа қарсы жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің жағдайын жіті бақылауда ұстауды тапсырды.

«Қазсушар» ақпараты бойынша, БҚО-да су тасқыны 17-19 сәуірде болады деп күтілуде.

«Батыс ЖЭТ» филиалында 220 кВ Л-2025 «Атырау-Құлсары» әуе желілерінде №490 – 657, Л-2175 «Қарабатан-Құлсары» №920 – 1065 тіректерінің суында орналасқан.

Су көлемінің ұлғаюы күтілуде.

Энергетиктер тәулік бойы су басқан ӘЖ тіректерін тексеруде. Жоғарыда көрсетілген тіректердің зақымдану мен құлау қаупі жоқ. 2 бірлік техника жұмылдырылды.

«KEGOC» АҚ қосалқы станцияларында су тасқыны жоқ.

Сонымен қатар, филиал қызметкерлері «Атырау» ҚС-220 кВ және «Индер» ҚС 220 кВ қоршауын нығайтумен айналысу үстінде.

KEGOC қызметкерлері Жайық өзенінің бөгетін нығайтуға көмек көрсетуде, ол үшін филиал қызметкерлері, 3 бірлік ірі техника (самосвалдар, тиегіштер) жұмылдырылған.

Құлсары қаласында «KEGOC» АҚ 8 қызметкерінің үйлері су астында қалды. Жұмысшылар мен олардың отбасы мүшелері қауіпсіз жерге көшірілді. Басқарма Төрағасы Н.Айтжановтың тапсырмасы бойынша оларға жан-жақты көмек көрсетілетін болады.

Ақтөбе облысында «Энергожүйе» ЖШС балансындағы 110 кВ желілерін жаппай су басу орын алды. «Ақтөбе ЖЭТ» филиалы көмек көрсету үшін тартқыш бөлді. Су тасқынының салдарын жою үшін филиалмен бригадалық машина, автокран және мұнара, сондай-ақ әуе желілеріне кіру мүмкіндігі болған кезде алты адамнан тұратын бригада бөлінетін болады.

«Батыс Қазақстан АЭЖК» ЖШС тиесілі ҚС-35 кВ су басудың алдын алу үшін жаңа өмір кентінде «Ақтөбе ЖЭТ» филиалымен қажетті мөлшерде құм жеткізіліп, Ойыл ауданы әкімдігінің қызметкерлеріне қуаты 5 кВт болатын 2 дизель-генератор берілді.

Компания басшысы су басу аймақтарындағы электр желілерін қарап, су тасқынынан зардап шеккен қызметкерлердің үйлеріне барып қайтты. Өндірістік нысандардағы жағдаймен танысып, Нәби Айтжанов су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіруді қамтамасыз ету және жергілікті жедел қызметтерге табиғи апаттың салдарын жоюға жәрдемдесу жөнінде тапсырма берді.      

Жалпы, «KEGOC» АҚ-да су тасқыны маусымы кезеңінде 766 адамнан тұратын электр желілік объектілерде авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін 107 кешенді бригада ұйымдастырылды. Бригадалар 302 автотехника бірлігімен, 56 автономды электр энергиясы көздерімен, 93 сорғы сорғыларымен және жұмыстарды орындау үшін қажетті ЖЖМ-мен жабдықталған.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс