Баспасөз хабарламалары

2023 жылы KEGOC қызметкерлері 23 ұтымгерлік ұсыныс әзірледі

«Қостанай энергия торабын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру» жобасы жыл сайын «KEGOC» АҚ  өтетін ұтымгерлік ұсыныстар конкурсында үздік деп танылды. «Сарыбай ЖЭТ» филиалының өнертапқыштар тобы апатқа қарсы басқару автоматикасын қайта конфигурациялау және жөндеу жұмыстары мен авариялық ажырату кезінде қосымша электр беру желілерін автоматты түрде іске қосуды ұйымдастыру бойынша техникалық шешім ұсынды. Аталған ұсынысты қолданысқа енгізудің экономикалық пайдасы жылына 68 млн теңгені құрады.

2023 жылы компания қызметкерлерінен 47 өтінім келіп түсті, оның ішінде 23 өтінімконкурстық комиссияның қорытындысы бойынша ұтымгерлік болып айқындалды. Жеңімпаздар қатарында: 

▪ Гран-при: «Қостанай энергия торабын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру», «Сарыбай ЖЭТ» филиалы.
▪ 1-орын: – «ЖҚАР ОЖ-ның ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы - РФ БЭЖ қимасының жиілігі бойынша түзете отырып, қуат ағынын автоматты реттеу (АЖАР 1) функциясын автоматты басқару жүйесінің (АБЖ) реттеу сапасын арттыру», «ЖО ҰДО» «KEGOC» АҚ филиалы 
▪ 2-орын: екі ұтымгерлік ұсыныс: «СТС релені тексеру құрылғысы» және «Торнадо-КП-ның 0,4 кВ РҚА», «Ақмола ЖЭТ» филиалы.
▪ 3-орын: үш ұтымгерлік ұсыныс: «ЖҚАР ОЖ-ның екіншілік қуат тапсырмаларын өтеу бөлігінде алгоритмін пысықтау», «ЖО ҰДО» филиалы, «Sicam PAS логикасы арқылы команданы өңдейтін WinCC экранындағы сиренаны тексеруге арналған қосымша батырма», «Шығыс ЖЭТ» «филиалы және «МТ-100/8У1 типті центрден тепкіш трансформаторлық электр сорғыларының герметикалығын анықтауға арналған қондырғы», «Ақмола ЖЭТ» 

Үздік деп танылған ұсыныстар қолданысқа енгізіліп, материалдық тұрғыдан ынталандырылады. Осылайша, жеңіске жеткен жеті рационализаторлық ұсыныстың барлығы өндіріске енгізіліп, 2024 жылы қолданыс аясы кеңейетін болады. 

Ұтымгерлік ұсыныс әзірлеушілерінің бірі – «Сарбыай ЖЭТ» филиалының релелік қорғау және электроавтоматика қызметінің жетекші инженері Вячеслав Кузнецовтың айтуынша, олар әзірлеген автоматика схемасын баптау 2022 жылдан бастап «Центральная» және «Сарыбай» 220 кВ қосалқы станцияларындажұмыс істеуде.

«Егер бұрын Қостанай энергия торабында тұтынушылар энергия торабындағы жағдайға қарамастан, бөгде ұйымдардың желілері бойынша тұрақты түрде электр энергиясымен қамтамасыз етілсе, қазір бәрі бөгде ұйымдардың желілеріне қосылатындай жүйелендірілген, ал бұл қажет болған жағдайда қосымша қаржылық шығындар. Жөндеуге арналған желілер бар, апаттық үзілістер орын алады. Бұл жағдайда автоматика дереу іске қосылады, электрмен жабдықтау резервтік желілер арқылы қамтамасыз етіле бастайды. Мұндай жағдайда ауысу үшін диспетчер командасы қажет емес. Бұған дейін белгілі бір уақыт қажет болатын. Демек, экономикалық тиімділік, компанияның шығындары азаяды», - дейді ол.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс