2024 жылғы 2 мамырда сағат 11:30-да Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59, мекенжайында Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өтеді.
Акционерлердің жалпы жиналысында оң шешім қабылданған жағдайда, 2023 жылғы екінші жартыжылдық бойынша бір акцияға есептегенде дивиденд мөлшері 79,5 теңгені құрайды. Ал 2023 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша KEGOC акционерлерге бір акцияға есептегенде 77,74 теңге мөлшерінде дивидендтер төледі.
Жиынтығында, 2023 жылдың қорытындысы бойынша таза пайданың 97%-ы бұл 42,1 млрд. теңге немесе бір акцияға есептегенде 157,24 теңгені құрайды.
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 4-тармағына сәйкес «KEGOC»АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі бойынша материалдармен мына сілтеме бойынша танысуға болады:
https://www.kegoc.kz/ru/for-investors-and-shareholders/raskrytie-informatsii/obshchie-sobraniya/