Баспасөз хабарламалары

KEGOC күзгі-қысқы кезеңнен жоғары дайындықпен өтті

2023-2024 жылдардағы күзгі-қысқы кезең (КҚК) электр энергиясын тұтынудың рекордтық көрсеткішімен өтті. «KEGOC» АҚ-да максималды жүктеме кезеңінен өту қорытындыланды.

2022-2023 күзгі-қысқы кезеңге қатысты жүктеме максимумының артуы 167 МВт-ты немесе 1,0%-ды құрады. Бұл ретте максимумның ең жоғары өсімі Оңтүстік аймақта 354 МВт 8,9%-ға және Батыс аймақта 172 МВт 8,7%-ға өсу байқалды. Солтүстік аймақ бойынша жүктеме максимумының 3,4%-ға төмендеуі байқалды, бұл 359 МВт-ты құрады.

Өткен қыста электр қуатын максималды тұтынудың рекордтық көрсеткіші 2023 жылдың 13 желтоқсанында болды және 15,1 ГВт генерациялау кезінде 16,6 ГВт-қа жетті, оның ішінде аймақтар бойынша: Солтүстік – 10131 МВт; Оңтүстік – 4350 МВт; Батыс – 2145 МВт.

Рекордтық тұтыну жағдайында Қазақстанның Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) сенімді жұмысы қамтамасыз етілді. KEGOC электр желілері ақаусыз жұмыс істеді. 2023 жылғы күзде жылыту маусымы басталғанға дейін Компания максималды жүктемелерге толық дайындық паспортын алды. Компания 574 объектіде жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеге барлық жоспарланған жөндеу-пайдалану жұмыстарын жүргізді.

«Байқалған электр энергиясының теңгерімсіздіктері мен тапшылығына қарамастан, КЕGОС күзгі-қысқы кезеңнен сәтті өтіп, Ұлттық электр торабының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етті. Компания жүктемелердің қысқы максимумын электр желілері объектілерінің тиісті дайындығымен өтті. Жөндеу науқаны сапалы және уақытылы жүргізілді.

2023 жылғы қарашада Компания «Батыс Қазақстан энергия торабы – Атырау – Маңғыстау» бағыты бойынша 220 кВ жаңа желіні іске қосты. Оның іске қосылуымен Батыс энергия торабы желілерінің өткізу қабілеті екі есе артты. Бұл күзгі-қысқы кезеңде (КҚК) Ұлттық электр торабы жұмысының тиімділігін арттырды», - деп атап өтті Пайдалану және күрделі құрылыс жөніндегі басқарушы директор Ермаханбет Атақұлов.

Сондай-ақ, орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған энергия жүйесінің теңгерімді жұмысын қамтамасыз ету үшін жаңа генерацияны енгізу, сондай-ақ қолданыстағы электр станцияларын кеңейту, реконструкциялау және жаңғырту қажет екендігі атап өтілді.

«КЕGОС» АҚ электр желілік объектілерді алдағы 2024-2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңнен өтуге дайындауға кірісті. Жөндеу науқаны сәуірден бастап қазанды қоса алғанда жүргізіледі. Осы кезеңде ұзындығы шамамен 1600 км болатын 91 электр жеткізу желісін және қосалқы станциялардың 30 бірлік жабдығын, оның ішінде: 500 кВ шұнттаушы реакторларды, 110 - 220 - 500 кВ автотрансформаторлар мен трансформаторларды, жеке қажеттілік трансформаторларын, 500 кВ ажыратқыштар және 220 кВ айырғыштарды жөндеу жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, ғимараттар, құрылыстар мен автотехника, өзге де негізгі құралдар жөнделеді, материалдардың, қосалқы бөлшектердің, жанар-жағармай материалдарының авариялық қоры толықтырылады.

 

АНЫҚТАМА ҮШІН:

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функциясын атқарады, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтерін иеленеді және басқарады. Қызметтің негізгі түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компанияның балансында ҰЭТ-ты құрайтын ұзындығы шамамен 27 000 км болатын, кернеуі 220-1150 кВ электр жеткізу желілері және трансформаторларының белгіленген қуаты 38,99 ГВА болатын 83 қосалқы электр станциясы бар. Компания туралы толық ақпарат оның www.kegoc.kz корпоративтік интернет-ресурсында орналастырылған.



Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс