Баспасөз хабарламалары

KEGOC 2023 жылғы таза пайданың 97%-ын дивиденд төлеуге жұмсайды

2024 жылғы 2 мамырда сағат 11:30-да Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өтті. Жиналыста «KEGOC» АҚ-ның 2023 жылғы қаржылық есептемесін бекіту, дивидендтерді бөлу мәселелері, акционерлердің тізімдерін тіркеу және дивидендтерді төлеу күндері қаралды, сондай-ақ «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды.

2023 жылғы екінші жартыжылдық бойынша төленетін дивидендтердің мөлшері «KEGOC» АҚ бір акциясына есептегенде 79,5 теңгені құрады. Бұған дейін 2023 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ акционерлерге бір акцияға есептегенде 77,74 теңге мөлшерінде дивидендтер төлеген болатын.

Осылайша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтерге бір жылдағы таза пайданың 97%-ы, яғни 42,1 млрд. теңге немесе бір жай акцияға есептегенде 157,24 теңге жұмсалатын болады.

«KEGOC» АҚ-ның 2023 жылғы екінші жартыжылдықта компанияның жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар акционерлерінің тізімі 2024 жылғы 24 мамырда 00 сағат 00 минутта тіркелетін болады. 

«KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша 2023 жылғы екінші жартыжылдық үшін дивидендтер төлеу 2024 жылғы 30 мамырдан басталады. 

Акционерлер «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің келесі құрамын бекітті:

1) Ернат Құдайбергенұлы Бердіғұлов – «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі;

2) Қаныш Тәңірбергенұлы Молдабаев – «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі;

3) Мирас Қапарғалиұлы Қияқов – «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі;

4) Нәби Еркінұлы Айтжанов – «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы;

5) Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов – тәуелсіз директор;

6) Марат Тұрғанбекұлы Дұлқайыров – тәуелсіз директор;

7) Дамир Серкбайұлы Сүентаев – тәуелсіз директор.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Ернат Құдайбергенұлы Бердіғұлов тағайындалды.

Жаңадан сайланған Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі 3 жылды құрайды.

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 4-тармағына сәйкес, «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі жөніндегі материалдармен мына сілтеме бойынша танысуға болады:

https://www.kegoc.kz/ru/for-investors-and-shareholders/raskrytie-informatsii/obshchie-sobraniya/

   


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс