Баспасөз хабарламалары

2023 ЖЫЛЫ KEGOC «CАРЫБАЙ ЖЭТ» ФИЛИАЛЫНДА 220-500 КВ ЭЛЕКТР ЖЕТКІЗУ ЖЕЛІЛЕРІН РЕКОНСТРУКЦИЯЛАУ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов филиалдың 2023 жылғы өндірістік қызметінің нәтижелерімен танысты.

«Cарыбай ЖЭТ» филиалында 220-500 кВ электр жеткізу желілерін реконструкциялау компанияның Ұлттық электр торабын қалпына келтіру жөніндегі ірі инвестициялық жобасының бірінші кезеңі шеңберінде жүргізілді. Кернеуі 220 кВ 784 шақырым желі және кернеуі 500 кВ 610 км желі реконструкцияланды. Өткізілген жұмыстардың құны шамамен 40 млрд теңгені құрады. Кешенді жұмыстарды, соның ішінде «толық аяқталған» құрылыс бойынша жұмыстарды «АСПМК-519» ЖШС және «Промстрой-Энерго» ЖШС отандық компаниялары жүзеге асырды.

Филиал директоры Берік Адамов желілерді реконструкциялау бойынша жұмыстардың аяқталуымен ұзақ мерзім бойы пайдаланылған  электр жеткізу желілері айтарлықтай жаңартылғанын, олардың ресурсы кемінде 30 жылға ұзартылғанын, сондай-ақ өңір тұтынушыларын электрмен жабдықтаудың сенімділігі артқанын атап өтті. Сондай-ақ ол жедел және өндірістік қызметтің нәтижелеріне шолу жасап, су тасқынына қарсы жағдай және 2024 жылға арналған жоспарлар туралы мәлімдеді.

Қостанай өңірін электрмен жабдықтау есепті кезеңде штаттық режимде қамтамасыз етілді. Қысқы кезеңдегі максималды тұтыну 2023 жылғы 20 желтоқсанда болды және 697 МВт-ты құрады. Өңірдегі станциялардың белгіленген қуаты 268,3 МВт-ты құрайды, солардың ішінде: ЖЭО – 170,3 МВт, ЖЭС – 98 МВт.

Су тасқыны кезінде филиал желілерінің аумағындағы объектілерде айтарлықтай су басу болған жоқ. Қосалқы станциялар мен электр жеткізу желілерінің жабдықтарына да зақым келген жоқ. Су тасқыны кезінде «Батыс ЖЭТ» филиалына көмек ретінде 3 бірлік арнайы техника жіберілді. Сонымен қатар, тұрғын үйі су тасқынынан зардап шеккен филиал қызметкеріне қажетті көмек көрсетіліп, отбасыларына уақытша баспана берілді.

Ағымдағы жылғы сәуірде филиал күзгі-қысқы жүктеме кезеңіне дайындық бойынша жыл сайынғы жөндеу жұмыстарына кірісті. Қараша айына дейін жалпы сомасы 287 млн теңгеге 8 электр жеткізу желісін, 3 қосалқы станция жабдығын, сондай-ақ 52 бірлік автокөлікті және ғимараттар мен құрылыстардың 13 объектісін жөндеу жоспарланып отыр.

Нәби Айтжанов жөндеу жұмыстарының жоспарланған мерзімде және толық көлемде орындалуын бақылауда ұстауды, сондай-ақ желілердің сенімді жұмысын және өндірістік қауіпсіздіктің барлық шараларының сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс