Баспасөз хабарламалары

KEGOC ЖЭТ филиалдарының қызметкерлері арасында экологиялық мәселелер бойынша корпоративтік оқыту өткізді

Бүгін «KEGOC» АҚ-да ҚР Экологиялық кодексіне өзгерістер мен түзетулер енгізу мәселелері бойынша үш күндік корпоративтік оқыту аяқталды. Семинар «KEGOC» АҚ ЖЭТ филиалдарының қоршаған ортаны қорғауға жауапты қызметкерлері үшін ұйымдастырылды.

Оқыту бағдарламасы қалдықтарды өңдеуге, кәсіпорын санатын анықтауға, қоршаған ортаға әсерді бағалауға, сондай-ақ қоғамдық тыңдаулар өткізу ережелеріне және т.б. практикалық және теориялық сабақтарды қамтыды.

Материалды неғұрлым тиімді игеру мақсатында қатысушылар үшін «Ақмола ЖЭТ» филиалына экскурсия ұйымдастырылды. Онда экологиялық заңнаманы ықтимал бұзудың практикалық мысалдары көрсетілді. Оқу соңында тестілеу өткізілді, сонымен қатар курсты сәтті аяқтағаны үшін қатысушыларды марапаттау ұйымдастырылды.

«KEGOC» АҚ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметті өзінің күнделікті жұмысының ажырамас бөлігі ретінде қарастырады. Компанияның Экологиялық саясатының мақсаттары қоршаған ортаға теріс әсерді азайту, экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру болып табылады.

2023 жылғы 25 тамызда S&P Global тәуелсіз рейтингтік агенттігі «KEGOC» АҚ-ға S&P Global CSA Score 2023 ESG-рейтингін 51/100 деңгейінде тағайындағанын атап өткен жөн.

Қазақстанда «жасыл» энергетиканы дамытуға ықпал ететін ауқымды инвестициялық жобаларды белсенді түрде іске асыру Компанияның қоршаған ортаға тигізіп жатқан ең маңызды оң әсерлерінің бірі болып табылады.

 



Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс